spot_img
Сәрсенбі, Қазан 22, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, 8,7 миллион теңгесінен айрылып қалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, миллиондаған ақшасынан айырылып қалған, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы ауыл тұрғыны криптовалюта алып, қайта сатудан ақша табуға уәде берген қаржы компаниясын YouTube-тан көріп қалған. Ер адам бірнеше сілтемені басқаннан кейін, оған бірден алаяқтар хабарласқан.

Олар қаражат салып инвестициялау арқылы компаниядан дивидендтер алуға болатынын айтады. Бастапқыда ауыл тұрғыны көлік сатып алуға алған несиенің екі миллион теңгесін аударған. Содан кейін бір ай бойы алаяқтар жәбірленушіге үнемі қоңырау шалып, оның шотына пайыздар есептеліп жатқанын, бірақ оны да көбейтуге болатынын айтып сендіреді.

Оларға сенген ауыл тұрғыны тағы да төрт несие алып, туған-туыстарынан қарызға ақша алып, жеке жинаған ақшасын түгел салады. Қылмыскерлердің әрекетінен келген шығын 8,7 миллион теңге болған.

4 қазанда ауыл тұрғыны полицияға арыз жазған. Бұл факт бойынша соталды тергеу амалдары басталып, жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі автоматтандырылды

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр. Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика