spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

“Ұстазға құрмет – болашаққа құрмет”, – Жабал Ерғалиев

Сондай-ақ...оқыңыз

 

«ҰСТАЗЫҢДЫ ӨЛЕ-ӨЛГЕНШЕ МАДАҚТА,
СОЛ ЕМЕС ПЕ СЕНІ ҚОСҚАН САНАТҚА!»
(Шығыс даналығы)
————————————-
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
—————————————-
Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын!
(Республикалық педагогтар сьезінде сөйлеген сөзінен.5 қазан, 2023 жыл.)
******************************

Әлмисақтан бері адамзат баласы Ұстаз деген сөзді ардақтап, өз бойындағы бар асыл адами қасиеттерімен тәрбиелеп, өзін білім мен ғылымға жетелеген адамды Ұстаз тұтып, өмір бойы құрметтеп өткені аян!
Бұл орайда біздің халқымыз да «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстаз деген қасиетті мамандықтың құдіретін терең таныған-ды. Кешегі Алаш қайраткерлерінің барлығы да мектеп және ондағы мұғалім орнының айрықша екендігін атап көрсетіп отырғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін (5 қазан 2023 жыл) тұңғыш рет Ұстаз күні деп белгіленіп отырған күнде педагогтардың республикалық съезін өткізуі де тегін емес. Және де Президентіміз өз сөзін: – Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деп бастап, «Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни, сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі», – деді.
Біз қазір Әділ де Адал Қазақстан құру үстіндеміз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларын жүзеге асыру арқылы Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыру үшін білімділер керек! Білім мен ғылым керек! Және де Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қажет.
Осы орайда, Мемлект басшысы «Педагог ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын» деп бүгінгі Ұстаздар қауымының алдына зор әрі нақтылы міндет жүктеді.
Ұлттың жаңа болмысы ол отбасындағы өнегелі тәрбиеден және мектептегі білім мен тәрбие беру процестерінің ұйымдастырылуынан, әр Ұстаздың жеке басының ұлағаты мен адами парасатынан, терең әрі жан-жақты білімдарлығынан бастау алары анық!
Мемлекет басшысы педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналғандығын, сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажеттілігін алға тартып, білім беру саласын жетілдіруде жаңа міндеттер туындайтындығын, саланың жұмысының күрделене түсетіндігін алға тартып отыр. Халқымыз «білім алу инемен құдық қазғанмен бірдей» дегенді білмей айтпаған болар!
Соңғы бірер жылда педагогтардың абыройын арттыруға және олардың жағдайларын жақсартуға Мемлекет басшысы үлкен көңіл бөліп келеді. Мұны әр педагог айқын сезіне алады. Және де Мемлекет педагогтарды өз қамқорлығына да, өз қорғауына да алды.
Бұдан келіп, әр Педагог өздерін зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айқын сезінер деп ойлаймын. Әрине, ұрпақ тәрбиеі оңай жұмыс емес!
Оның үстіне бүгінгідей замана сапыранында балаларымыздың ой санасын жақсылық пен ізгілік негізінде қалыптастыру, олардың Қазақстан атты ұлы елдің алдындағы азаматтық жауапкершіліктерін жасынан сезіне білу, ел үшін адал еңбек ету және ол үшін терең білім алу қажеттігін санаға сіңіруде Ұстаздар атқарар міндет әрі абыройлы әрі қиын!
Мен бүгін Ұстаздар күні қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Қарағаш орта метебінің 1959 жылы алғаш табалдырығын аттап, алғашқы әріпті үйреткен тұңғыш мұғалімім, марқұм Хамит Омаровты зор құрметпен есіме аламын. Бұдан өзге де қазір де арамызда аман жүрген Айшөкен Шаланқызы, Құсни Әутенова, одан қалды марқұм болған ұстаздарым Сұңғат Хамидуллин, Ғазез Әбішев, Мапиза Ауқатова, Жамал Құлтанова, Жатай Қажыбаев, Балташ Мағзиев, Әлімтай Сыздықов, Бекқожа Әбдікәрімов сынды мұғалімдерімнің де есімдерін әрдайым құрметпен есіме алып отырамын.
Ұстазға құрмет – ұрпаққа құрмет! Ұстазға құрмет – елге құрмет! Ұстазға құрмет – болашаққа құрмет!

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы – драматург Жабал Ерғалиев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img