spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Ұстаз болу – мен үшін үлкен мәртебе» , – Бақыт Сейтенова

Сондай-ақ...оқыңыз

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ақмола облысының беделді де білікті мамандарының бірі. Бақыт Есімқызы Көкшетау қаласының Әл – Фараби атындағы IT – лицейінің 1 «Ә» сыныбының жетекшісі, ұстаздыққа өмірінің 30 жылдан астам уақытын арнаған.

 – Әңгімемізді өзіңіз жайлы ақпараттан бастасақ. Қай жердің тумасысыз, біліміңіз қандай?
–  Мен Ақмола облысы, Щучье ауданы, Қымызынай ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары, 1991-1993 жылдар аралығында Көкшетау қаласы Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық училищесіне түсіп, үздік дипломмен тәмамдады.  Ең алғашқы ұстаздық жолымды Бурабай ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы «№7» орта мектебінде бастадым. Кейін 1996 жылы Көкшетау қаласына келіп,  № 12 орта мектепте 23 жыл ұстаздық жолдымды жалғастырдым. 2005 жылы жұмыс арасында Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде «Педагог және Психолог» мамандығына оқып, 2018 жылы Абай Мырзахметов атындағы университеттің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесін алдым. 2019 жылы әл-Фараби атындағы IT лицейіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым.

     – Отбасыңыз туралы айтып кетсеңіз.
– Тұрмыстамын, жолдасымның есімі Салават, Қазақстан темір жолында жол жөндеуші қызметін атқарады. Алла берген екі қызымыз, бір ұлымыз бар. Үлкен қызым – Махаббат, Алматы қаласында Қаныш Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университетін аяқтап, Техника ғылымдарының  магистр дәрежесін алды. АО «Камаз инжиниринг» компаниясында инженер қызметін атқарады. Ортаңғы қызым –  Аружан, менің жолымды қуып, Абай Мырзахметов атындағы университетінде, шет тілдері мамандығын үздік дипломмен аяқтап, ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Тұрмыс құрып, Альтаир деген жиенім дүниеге келді. Кіші ұлым – Данияр, Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10 сыныпта оқиды.

     – Ұстаз болу – балалық арманыңыз ба?
–  Әрине, менің бала арманым. Қазір ұстаз болу – мен үшін үлкен мәртебе, жауапкершілік және өмірлік басымдық.

     –  Жұмысыңызды не үшін жақсы көресіз?
–   Балаларды қатты жақсы көретіндіктен осы мамандықты таңдадым. Кез келген жетістік – мектеп, мұғалім, оқушылар мен ата-аналарының біріккен жұмысының нәтижесі. Сондықтан өзімнің емес, ұжымым мен шәкірттерімнің жеңісін ерекше бағалаймын.

    –  Бастауыш сынып мұғалімі болу үшін  мамандық иесі қандай қасиеттерге ие болуы керек?
–  Мен үшін ең бірінші талап – адал жұмыс жасау. Әр ұстаздың бойында, өз жұмысына адалдық, балаларға деген сүйіспеншілік мейірімділік болса, ол үлкен жетістіктерге жетеді, деп ойлаймын.

     –  Сіздің мамандығыңыз бүгінгі күнде қоғам мен мемлекетке қаншалықты пайдалы?
–  Қазіргі таңда білімге,  тәрбиеге көп көңіл бөлінуде, себебі, болашақ – білімді ұрпақ қолында.

   –  Көкше өңірінде тіл мәселесі тұнып тұрған проблема, ата- аналар балаларын қазақ мектебіне бергенде тілді білсін деген үмітпен алып келеді. Оқушылар мемлекеттік тілді толық және еркін меңгеруінде мектептің маңызы қандай?

   –   «Тәрбие -тал бесіктен басталады», – деп жай айтылмаған. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой—өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан—жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Сондықтан ата-ана, мұғалім, оқушы болып нығыз жұмыс жасау.

–   Бұл мәселеде ата – ана тарапынан қандай сүйемелдеу болуы тиіс?

– «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сондықтан да, ата—ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отыруы керек.

   – Мектеп оқушылары қазақ тілінде сөйлеу үшін қандай әрекет жасау керек деп ойлайсыз?

–  Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді танып—білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата—ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.

   – Егер оқушы пәнді ұнатпай, оқығысы келмесе, оны ынталандырып, сол сабақты ұнатып кетуіне әсер ету мүмкін бе?

– Әрине мүмкін, бұл жерде мұғалімнің шеберлігі.

   – Бастауыш сыныпқа келген оқушының мінезін, оқуға деген көзқарасын қандай қылықтарынан білесіз?

– Оқушының мұғаліммен ашық сөйлесіп, әңгіме барысында білімге деген көзіндегі оттың байқалуы.

   –  Оқушының барлық сабақтан үздік баға алып, жақсы меңгеру мүмкін бе?

– Мүмкін.

   – Бір пәннен төмен баға алып, сол үшін ренжіген оқушының көңілін көтеріп, оған мотивация беру керек пе?

– Әрине мотивация, талпыныс әрқашанда беріп отыру, сабаққа деген қызығушылық пайда болады.

   – Бүгінгі күнде ата аналар оқу бағдарламасы қиын деп айтып жатады, бұған көзқарасыңыз қандай, жұмысыңызда қиыншылықтар тудырмайма?

–  Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі  қарым-қатынас және ағылшын тілі әлемді тануда жаңа идеяларды жан-жақты қолдану, жаңаша оқытуды тиімді әрі жүйелі түрде қолдану  заман талабы. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас.  Соған байланысты ұстаздардың алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденісте болып жаңартып отыру, жаңа технологияларды меңгеріп оны тиімді қолдана алу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты  білім мазмұнын жаңарту, критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды көздейді. Қазақ халқының кемеңгер, ойшыл ақыны Абай атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші өз пәнін, өз мамандығын, шәкірттерін сүйетін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады деген ойдамын.

   – Бала таза беске оқуы тиісті ме?

   –  Міндетті емес. Кейде бала белгілі пәнге деген қызығушылығы көп болады.

   – Әр оқушыға жеке көзқарас пен қарым катынас құралы қандай?

– Әңгімелесу, сұрақ-жауап тәсілдері

   –  Сұхбатыңызға рахмет! Мерекеңіз құтты болсын! Ұлт тәрбиелеу жолында толағай табыс пен жемісті еңбек тілейміз! Кәсіби мереке күні қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз қандай?

– Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» – , деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті – жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сондықтан сіздерге шығармашылық табыс, жаңа жетістік, зор денсаулық тілеймін!

Айта кетейік, бүгінгі қонағымыз еңбек етіп жатқан IT – лицей  Көкшетау қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі, білім ордасында 2023–2024 оқу жылында 937 оқушы білім алады, жалпы сынып саны – 37. Мектептің салынғанына 5 жыл болды, осы уақыт аралығында білім ошағы қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда жақсы нәтиже көрсетті. Лицей ұжымы оқушылардың сапалы білім алып, халықаралық олимпиадаларда Ақмола облысының намысын қорғауы үшін жұмыс істейді. Өткен оқу жылы лицей үшін жемісті болды, ұстаздар қауымы оқушылармен бірге лицейдің дамуына зор үлес қосуда.

Ақмола облысының білім басқармасы хабарлағандай, лицейдегі білім сапасының деңгейі 76 пайызды құрайды, бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. 39 түлек мемлекеттік грант иегері атанды, біреуі университетте шетелде оқуға грант алды. Лицейге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде, барлық сыныптар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл балалардың жақсы білім алуына мүмкіндік береді. Жаңа оқу жылында лицейде жалпы құны 16 миллион теңге тұратын жеке заттарға арналған коды бар жеке шкафтар орнатылғаны хабарланды. Сондай-ақ, бүкіл мектеп 100% жергілікті желімен жабдықталған, бұл ақпаратты жылдам алмасуға және мұғалімдер мен балалардың білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сұхбатты жүргізіп, ақпарат дайындаған : Алма Байгужина

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img