spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы Әділет органдарының маңызы қандай 

Сондай-ақ...оқыңыз

Жылдан жылға «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін мерекелеу қарсаңында біздің қызметіміздегі ең маңызды жаңашылдықтар  туралы айту, біз үшін дәстүрге айналды.

Сонымен, біз кәсіби мерекемізді 30 қыркүйекте атап өтеміз. Білуімізше, әділет органдары – бұл өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын,  мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, ұйымдармен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары. Бұл ҚР «Әділет органдары туралы» Заңында тікелей көзделген.

Мәселен, әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Және бұл жұмысты әділет қызметкерлерімен бірге Ақмола облысындағы 327 адвокат, 141 нотариус, 246 жеке практикамен айналысатын заңгерлер, 85 жеке сот орындаушылары жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған заңгерлермен сапалы заң көмегін көрсету өте маңызды, өйткені ол азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.  Сондай-ақ, уақыт талабы бойынша өзгереліп жатқан және электрондық форматқа ауысып жатқан нотариаттық қызметтердің үлкен спектрі бар, ал жекелеген жағдайларда экстерриториялық белгі бойынша көрсетілуі мүмкін.

Біздің ведомстволық бағынысты ұйымдарымыз, өздеріңіз білетіндей, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар палатасы және заң консультанттары палатасы өз қызметін заңдарға сәйкес жүзеге асырады және өздерінің басқару органдары,сондай-ақ, сапасыз заң көмегі көрсету,  нотариаттық қызметтер және сот актілерін орындау бойынша азаматтарымыздың және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға уәкілетті тәртіптік комиссиялары бар.  Аталған адвокаттық және нотариаттық комиссияларының құрамына қоғамдық өкілдер, ал адвокаттық комиссия құрамына отставкадағы судьялар кіреді.

Айта кету керек, әділет органдары мемлекеттік қызметтердің үлкен спектрін жүзеге асырады және бұл біз үшін өте маңызды!

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу сияқты қызметтер, ресми құжаттарға апостиль қою, мемлекеттік сот орындаушыларымен атқарушылық өндірістерді қозғау, нотариаттық, адвокаттық қызметпен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттау электрондық форматқа ауыстырылды, бұл мемлекеттік қызметті көрсетуді әлдеқайда жеңілдетті, сонымен қатар, біздің қызмет алушылардың уақыты мен шығындарын үнемдейді.

Бұдан басқа, заңды тұлғаларды (бұдан әрі-ЗТ) тіркеу рұқсат берулік тәртіптен хабарламалық тәртіптегі тіркеуге ауыстырылды, олардың көрсету мерзімдері екі есеге, ал электрондық үкімет порталында (ЭҮП) санаулы сағатқа қысқартылды, тіркеуге қажетті құжаттар тізімі де қысқартылды, апостильдеу және аттестаттау да онлайн форматқа  ауыстырылған.

Барлық қазақстандықтар үшін жедел қызмет көрсету өте маңызды, себебі біз тез өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз, көптеген өмірлік жағдайлар белгілі бір нәрсені жедел және шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Бұл тұрғыда, біздің жергелікті атқарушы және өкілдік органдардың нормативтік құқықтық актілерді тіркеу функциясы да ерекшелік емес (НҚА) және электрондық форматқа аударылған, НҚА тіркеу мерзімі де айтарлықтай қысқарды. Бірақ, бастысы бірқатар НҚА міндетті мемлекеттік тіркеу тізбесіне алып тасталынды, бұл аймақ үшін аса маңызды актілерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді, шешім қабылдау кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңды қысқартты және сонымен бірге мемлекеттік органдардың жұмысын дебюрократизациялау бойынша шараларының бірі болды. Осы жылдың басынан бастап Әділет министрлігінен НҚА тіркеу бойынша функциялар облыстық әділет департаменттеріне берілді.

Жылжымайтын мүлікті, коммерциялық ЗТ, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету әділет органдарының қарауында қалады. Аталған салалардағы мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, біз өзара қарым-қатынасты жүзеге асырамыз,  бірлескен іс-шаралар, жеке және ЗТ өтініштері бойынша тексерулерді жүзеге асырамыз. тиісті мемлекеттік деректер базасының мониторингі, яғни сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты және осы маңызды салалардағы заңдылықты бұзуға жол бермеуді жүзеге асырамыз.

Сот актілерін орындау- әділет органдарының қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі. Шынымызды айтсақ, біз оны проблемалық деп атағанды жақсы көрмейміз, бұл сала өте сезімтал деп санаймыз. Алимент, мемлекеттік пайдасына айналдыру, мүлікті алып қою, мәжбүрлеп шығару, мүлікті бұзу, кәмелетке толмаған балаларға қатысты істер сияқты әлеуметтік маңызы бар санатты атқарушылық өндірістерді орындау заңды және психологиялық тұрғыдан күрделі және тек бейінді заңмен реттеледі. Бұны осы салада жұмыс істейтін әділет қызметкерлері және сот орындаушылар анық біледі.

Адамдар күнделікті өмірде қандай мәселемен жиі кездеседі және сот орындаушылардың көмегіне жүгінеді ме? Әрине, бұл елден тыс шығуға тыйым салу және борышкерлер тізілімінде болу.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі- бұл Әділет министрлігінің сайтында жүргізілетін қарыздардың болуына байланысты қозғалған барлық атқарушылық өндірістер туралы бірыңғай дерек базасы. Борышкер тізілімге атқарушылық өндіріс қозғалған сәттен бастап кіреді және борышы жабылған кезде алынып тасталады. Борышкерлердің тізілімінде болуы елден тыс жерлерге шығуға тыйым салуға, банкте шот ашуға кедергі болады, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болады, мысалы, жылжымайтын мүлікпен. Осындай мәселерге тап болмау үшін біздің азаматтар өздерінің берешегін тексеру және өтеу, ЖСО қызметін төлеу бойынша мәліметтерді www.adilet.gov. kz. ақпараттық порталында, сонымен қатар, елден тыс жерлерге уақытша шығуға тыйым салу бойынша ақпаратты Post.kz, Kaspi.kz немесе «Қазпошта» терминалдарында біле алады.

Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің қолданысқа енгізілгеннен кейін (бұрын да маңызды болғанымен)  біздің азаматтарымыз бен ЗТ әрбір өтініші толық, объективті, жан-жақты, уақтылы қарастырылуға тиіс. Бұл жерде оны сапасыз қарастыру немесе қарастыру тәртібін бұзу жағдайында жауапкершілікке тартылатыны білуі қажет!  Кейбір жағдайларда, сот ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы! Және бұл сөзсіз, қатаң болуы мүмкін, бірақ әділ. Әділет қызметкерлері бұл туралы біледі және онымен күнделікті жұмыс істейді.

Біздің заңгерлерімізге келетін болсақ, бейіндік заңдармен бұзушылықтардың нақты тізімі анықталған, жол берген жағдайда оларды лицензиядан айырылуға болады (тек сот шешімімен) немесе лицензия тоқтатыла тұрады немесе тоқтатылады, сонымен қатар тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану қарастырылған. Сондықтан құқықтық көмек, нотариаттық қызмет көрсету және сот өндірісін орындау кезінде ҚР заңнамасын  нақты сақтау өте маңызды.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту мәселелері өте маңызды болып қала береді, сондықтан түрлі іс-шаралар, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, заңнаманы түсіндіру мақсатында азаматтарды қабылдау, біздің және әріптестеріміздің басты міндеті. Адвокаттар мен заң консультанттарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі шеңберде жүзеге асырылады. ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен тегін заң көмегін алатын азаматтардың санаты анықталды. Қазіргі уақытта бұл санат ұлғайтылды, сондықтан азаматтар оған сене алады.

Қолайлылық пен қолжетімділік мақсатында  біздің азаматтарға Әділет министрлігінің ақпараттық қызметі (ПИС, байланыс 119 (Қазақстан бойынша (ұялы байланыс операторларынан басқа), 58-00-58 (Астана, Алматы қ. үшін), 1414 – (Қазақстан бойынша), WhatsApp +77086935631  тәулік бойы құқықтық мәселелер бойынша жүгіну мүмкіндігі бар.

Зияткерлік меншік құқығын қорғау да өте маңызды, себебі мемлекетте зияткерлікті меншікті дамыту үшін қаншалықты жағдай жасалғандығы және оны қорғау институттары қаншалықты тиімділігі мемлекеттің әлемдік аренадағы беделі мен рейтингіне тікелей байланысты. Біздің еліміздегі зияткерлік меншікті қорғау шаралары әлемдік деңгейге және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Біз бұны мақтан тұтамыз!!!

Біз сондай-ақ, құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы Әділет имидж мен рөлін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Қызметтік міндеттерін орындауда этикалық нормаларды сақтау, кәсібилік, адамға деген құрмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сақтау- болды, бар және басымдыққа ие болады. Бұл жұмысты әділет органдарында  облыстық департаменттердің басшыларының орынбасарларына жүктелген  Әдеп жөніндегі уәкілдер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Ақмола облысы Әділет департаменті қызметкерлерінінің мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмегін көрсетуге әрдайым дайындылығын ерекше ризашылықпен атап айтқым келеді. Департамент ұжымы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасыларға,  өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және мұқтаж азаматтарға адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілерімен бірлесіп үнемі қайырымдылық, материалдық және заңгерлік көмек көрсетілетін акциялар өткізеді.  Сонымен қатар, әділет қызметкерлері шығармашылық қабілеттерге ие және әртүрлі іс шараларға соның ішінде спорттық іс-шараларға қатысады, жүлделі орындар алады.

Біздің кәсіби мереке қарсаңында Ақмола облысы Әділет департаментінің ұжымы өз әріптестерін құттықтай отырып, шын жүректен елімізге бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық, қазақстандықтарға амандық пен сенімділік, жұмысымызда біздің әріптестерге табыс, денсаулық және барлық жақсылықты тілейді!!!

Ақмола облысы  Әділет департаменті  басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі Гульмира Сагадиева

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img