spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Өңірде 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсететін үш ведомствоның жұмысы облыстық мәслихаттың экономика және бюджет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралды, деп хабарлайды Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен проблемалық мәселелер туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы С. Тәжиханов, еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары Шолпан Рахматуллина баяндады.

С. Тәжихановтың айтуынша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстық департаменті зейнетақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау және мүгедектік дәрежесін белгілеу бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, департамент мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, субъектілердің мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш. Рахматуллинаның ақпараты бойынша, а.ж. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, бүгінгі таңда 24 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.  Ұлттық жобалар шеңберінде 5767 жұмыс орнын құрумен 299 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, а.ж. 15 қыркүйегіне 3902 жұмыс орны құрылды.  Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 234,6 млн теңгеге 70 грант бөлінді. Гранттарды 141 адам алды.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы А. Смайылов ведомство прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, еңбек саласындағы ахуалға мониторинг жүргізіп жатқанын, сондай-ақ жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері облыстың 193 кәсіпорны мен ұйымы еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға тексерілді. Тексеру барысында 175 бұзушылық анықталды, орындау мерзімдері көрсетілген 118 нұсқама берілді. Жеке және заңды тұлғалардың 1006 өтініші қаралды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 70,7 млн теңге сомасына жалақы бойынша анықталған берешек толық төленді.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен қаулысы шығарылды, онда барлық айтылған мәселелер, ұсыныстар мен ұсынымдар көрініс тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img