spot_img
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы Президент Әкімшілігінің бақылауында

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді.

Басқосуға Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Үкімет басшылығы қатысты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.

Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, Жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды.

– Орталық және жергілікті атқарушы органдар Президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада Жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика