Жауынгер үшін барлық уақытта жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындаудың маңызды факторы оның қаншалықты тиімді қаруланған, уақтылы тамақтандырылған, киінген және жабдықталған болуы болды. Мұның бәрі тыл органдарының қажырлы және жауапты жұмысы.
Қыркүйек айының 25-27 аралығында Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығы базасында Қарағанды облысының 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінің, Ақмола облысынан Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімі, Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімі, Қостанай облысының 6697 әскери бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысының 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласының әскери бөлімінен келген рота старшиналарымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиын барысында мамандармен рота мүлкін сақтау, далалық ортада рота-жайын құру, тамақ дайындау, жеке құрамды шомылдыру сияқты сұрақтар қозғалды.
Старшиналармен үш күн бойы біз болашақта жұмыс кезінде оларға пайдалы болатын сабақтар өткіземіз, сондай-ақ тәжірибеге енгізуді жоспарлап отырған жаңа әдістерді ұсынамыз. Бұл жиынға тәжірибелі әскери қызметшілер жиналды жиналды, олардың әрқайсысының 15 жылдан астам тәжірибесі бар және олардың көпшілігі өз ротасы үшін қолайлы жағдай жасап үлгерді, өйткені олардың басты міндеті- сарбазға берілетін барлық үлесті уақытылы және толық қамды жеткізу және берілген мүлікті сақтау. Бірінші күні біз далалық лагерьде әркім өз тәжірибесімен және тұрмыс жағдайын жақсарту үшін не қажет екендігін білу үшін пікір бөлісумен сабақтар өткіздік, ал бүгін старшиналар Қарағанды гарнизонының бөлімшелерін айналып өтеді, – дейді өңірлік қолбасшылықтың киім-кешек қызметінің бастығы подполковник Рустем Дюсенбаев.
Сабақтарда біз қайта даярлау курсынан өтеміз, тәжірибемізбен бөлісеміз, әр сабақта көргендерімізді талқылаймыз. Мен үшін бұл бағыт қазірдің өзінде 27 жылдан астам уақыт бойы неғұрлым жауапты және қажырлы бағыт, өйткені біз әрқашан шешім қабылдаймыз, өйткені рота старшинасының лауазымы материалдық жауапты, әр мүлік үшін біз ай сайын есептер тапсырып, салыстырма жүргіземіз, айта кету керек бүгінгі 2023 жылға әскерлерді қамтамасыз ету жақсы жаққа өзгерді, – деп 5516 әскери бөлімінің старшинасы аға прапорщик Манатбек Хамзаев өз пікірімен бөлісті.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Қажыбаев Қуаныш бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың тыл қызметінің барлық міндеттерді орындауға кепілдік беретін деңгейде екенін атап өтті.
Жиын қорытындысы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының аумағында 27 қыркүйек күніне жоспарланды.