Өңір басшысы Степногорск қаласына сапары барысында бірқатар әлеуметтік объектілерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, қала активімен кездесті.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК қуаты тәулік бойы және 28 күн болатын 240 төсекті құрайды.
Бас дәрігер Бағлан Наурызбаеваның айтуынша, 2012 жылы инфекциялық бөлімше ғимаратының шатыры, лифтілер жөнделді. 2024 жылға №15 ғимаратты, Г және Е блоктарын 525,6 млн теңгеге жөндеу жоспарланған.
Аурухана «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енгізілді және жақын маңындағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ, өңір басшысы тіркелген халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін «Viamedis» ЖШС филиалында болды.
ЖШС құрылтайшысы Ахметов Әсет клиникалар желісін кеңейту бойынша алдағы жоспарларын көрсетіп, емхананың материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
«Жастар «облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-де облыс басшысы жергілікті әкімдікке білім басқармасымен бірлесіп бос жатқан алаңды толтыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Сапар барысында Марат Ахметжанов минералды шикізат пен мыс-молибден кенін өндірумен, байытумен және өңдеумен айналысатын «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС сияқты «Степногорск подшипник зауыты» АҚ және «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС ірі кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Сапар қала активімен кездесумен және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаумен аяқталды.
Актив қорытындысы бойынша барлық басталған жобаларды уақытында аяқтауды, мерзімдердің бұзылуына жол бермеуді, сондай-ақ сапаға ерекше назар аударуды тапсырды.
«Азаматтардың сенімі – қоғамның жай-күйінің көрсеткіші. Қазір мүмкіндіктер қоғамның өзгеруіне ашық. Бұл қоғам мен ел басшылығының сұраныстары сәйкес келетін ерекше уақыт», – деп түйіндеді облыс әкімі.