Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық көрме өз жұмысын бастады.
Іс-шара барысында Ақмола облысының делегациясы өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
Ақмола облысы әкімінің Орынбор облысы үкіметінің вице-губернаторы – экономикалық және инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасарымен кездесуі «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық көрмесінің алғашқы күні өтті. Марат Ахметжанов пен Игнат Петухов өңірлер арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын жан-жақты талқылады.
Тараптар ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, цифрландыруды және туризмді дамыту саласындағы Ақмола және Орынбор облыстары арасындағы іс-шаралардың жол картасын әзірлеуге келісті.
Кездесуді аша отырып, Марат Ахметжанов Ақмола тарапы инвесторларды жан-жақты қолдауға және бірлескен өндірістерді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап өтті.
«Бізде барлық мүмкіндіктер – жер, өндірістік және кадрлық ресурстар, шикізат базасы бар. Ақмола облысы үлкен өнеркәсіптік және туристік әлеуетке ие. Бізде 5,3 млн. га егістік көлемімен елдегі ең үлкен астық сынасы бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз оны жаңа мағыналармен байытып, жаңа көкжиектерді аша отырып, өңірлеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосатынына сенімдімін. Біз өз тарапымыздан барлық салада жан-жақты ынтымақтастыққа дайынбыз», – деп атап өтті әкім
Өз кезегінде, Орынбор облысы Үкімет төрағасының экономикалық және инвестициялық саясат жөніндегі орынбасары – вице-губернатор Игнат Петухов бизнестің өзара іс-қимыл мүмкіндіктері мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып берді.
«Болып жатқан геосаяси оқиғаларды ескере отырып, біздің облыстарымыздың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Орынбор облысы экономиканы орнықты дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруда және біз өнеркәсіптік өндіріс индексінің қалай өсетінін, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің ұлғаюын көріп отырмыз. Екі өңірдің ынтымақтастығының неғұрлым нақтылы, әрі тиімді бағдарламасы пысықталатын болады, оның басты міндеті біздің облыстарымыздың экономикасын нығайту», – деді Игнат Петухов.
Айта кетейік, Ақмола облысы Ресей Федерациясының Томск, Омбы және Новосибирь облыстарымен ынтымақтасады. Облыс аумағында Ресейдің қатысуымен Көкшетау, Степногорск және Целиноград аудандарында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жыл сайын өңірдің ресми делегациясы Қазақстан-Ресей форумына белсенді қатысады, оның шеңберінде Ақмола облысы мен Ресей Федерациясының облыстары арасында екіжақты келісімдер жасалады.