spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында модульдік гаражды жоғары бағада сатып алмақ болған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті – деп хабарлады брифинг барысында Департамент басшысы Асхат Оразхан.

Мысалы, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны сомасы 169,5 млн теңгеге көлікке арналған 12 модульдік гараж сатып алуды жоспарлаған болатын, алайда мұндай гараждың орташа нарықтық құны 108 млн теңгені құрайды. Департаменттің уақтылы ұсынысының арқасында ұйым мемлекеттік сатып алудан бас тартты. Нәтижесінде бюджетті үнемдеу 9 млн теңгені құрады.

Жыл басынан бері 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

«Мемлекеттік сатып алу мониторингі – маңызды алдын алу құралдарының бірі. Мемлекеттік сатып алуларға жоғары баға белгілеу кезінде біз ұсынымдар жібереміз. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жоспарларын қайта қарайды және түзетеді немесе оларды жояды. Біз жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне араласпай, тек мемлекеттік органдардың жоспарлы сатып алуларына ұсыныстар береміз», – деді Асхат Оразхан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img