spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңартылған ювеналды сот есігін ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңартылған соттың ашылу іс-шарасына облыстық соттың төрағасы Арман Жүкенов, судьялар, Сот әкімшілігі департаментінің басшылығы, адам және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсем Асаинова, Динара Тәженова, прокуратура және полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Арман Жүкенов өз сөзінде, жаңа соттардың істер бойынша материалдарды мұқият зерттеуге және кәмелетке толмағандарға жеке дара көзқараспен қарауға ықпал ететінін атап өтті.

Шақырылған қонақтар да құттықтау сөздерін сөйледі. Олар қазіргі әлемдегі ювеналды әділеттіліктің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында ювеналды әділеттіліктің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін әртүрлі органдардың өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, енді істердің келесі санаттары аталған сотта қаралатын болады:

– кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы;

– мүлікті бөлу туралы (кәмелетке толмаған балалар болған жағдайда);

– жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас тәртібін айқындау туралы;

– басқа адамдардан заң негізінде емес тұрып жатқан баланы алып қою туралы;

– ата-ана құқықтарының шектеулерінің күшін жою туралы;

– бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы;

– алимент мөлшерін өзгерту туралы, алимент төлеуден босату туралы, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға өндіріп алынатын алимент бойынша берешекті төлеуден босату туралы;

– кәмелетке толмағандардың мұрагерлік құқықтарын қорғау туралы,

– Қазақстан Республикасына заңсыз ауыстырылған немесе Қазақстан Республикасында ұсталатын баланы қайтару туралы немесе осындай балаға қатысты халықаралық шарт негізінде қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img