spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жаңа Жолдау, жаңа міндеттер

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Парламент, Үкімет, уәкілетті органдар және барлық мемлекеттік аппарат алдында ізденіс кезеңіндегі жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер қойды.

Президент атап өткендей, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары әділдік, инклюзивтілік, паргматизм болады. Осы Жолдауда баяндалған міндеттер үш жыл ішінде іске асырылуы тиіс деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы республика деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Біздің еліміз басқа мемлекеттермен бірге электр энергиясының тапшылығын сезіне бастағаны жасырын емес, энергетика саласына елеулі қаршы құю қажет. Ірі нысандарға инвестиция салумен қатар, «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажет. Атом электр станциясын салу тақырыбы да күн тәртібінен шықпайды. Еліміздің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, Президент бұл мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, осылайша әрқайсымызға дауыс беру арқылы өз көзқарасымызды білдіруге құқық берді.  Бұл, әрине, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарын әлі есінде сақтайтын Қазақстан халқын қуантады.

Президент жылу және сумен жабдықтау мәселелеріне тоқталып, жақын арада жаңа Су ресурстары  және ирригация министрлігі құрылатынын, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет қайта құрылатынын айтты.  «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» компанияларын қоса алғанда, су шаруашылығын басқарудың барлық жүйесі реформаланады.  Соңғысы, өздеріңіз білетіндей, Астананы ғана емес, Ақмола облысының бір бөлігін де сумен қоректендіреді.  Бұл кәсіпорынның проблемаларын облысымыздың бірқатар аудандарының тұрғындары қатты сезінді.  Мемлекет басшысы айтқан реформаларды енгізе отырып, өңіріміздің және бүкіл еліміздің ең шалғай ауылдарында су мәселесі шешілетін болады деп үміттенеміз.

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img