spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмола облыстық партия филиалы екі жылдық кезеңге есеп берді

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының  соңғы екі жылда атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы және партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының облыс бойынша іске асырылу барысы XL (қырқыншы) есеп беру сайлау конференциясында  айтылды.

«AMANAT» партиясының Орталық аппарат жетекшісі Мәди Оспановтың қатысумен өткен конференцияға 272 бастауыш партия ұйымы біріктірген, барлығы 38 мың партия мүшесінің атынан  135 делегат қатысты.

Саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Айнагүл Балташева өткен екі жыл ішінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында 26,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 5 мектеп және 2 қосымша ғимарат, 28 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілгендігін атап өтті.

Сондай ақ, 1,2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынса,  4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 хоккей корты және 54 жаңа спорт алаңы және 6 мәдениет нысаны салынды.

Алдағы уақытта,  «AMANAT» партиясының Ақмола облысы бойынша «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында таяудағы жылдары атқарылатын істермен таныстырды. «Жол қартасындағы іс-шаралардың уақтылы, әрі сапалы орындалуына тікелей жауапкершілік  әрбір көрсеткіштер бойынша «AMANAT» фракциясының мүшелеріне де жүктелген»,- деп атап өтті Айнагул Балташева.

Есептік кезеңінде облыстың шалғай елді мекендерінде 55 мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, 415 азаматтардың мәселелері қаралған. Қазіргі уақытта партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда. Ақмолалықтарға 1,2 млрд.теңге бөлініп, бүгінгі таңда жалпы сомасы 620 млн. теңгеге 150 өтінім мақұлданған.

Есеп беру сайлау конференциясы барысында бақылау –тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, бірқатар делегаттар облыстық партия ұйымының соңғы екі жылдық жұмысын талқылап, ашық дауыс беру нәтижесінде бір ауыздан қанағаттанарлық деп таныды. Конференция барасында Саяси кеңес қатары 70 пайызға жаңарып, жастардың үлесі 21%, әйелдердің үлесі 31% құрап отыр. Саяси Бюро кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының қатары да  жаңа мүшелермен жаңартылды.

Партияның орталық аппаратының жетекшісі Мәди Оспанов алдағы кезеңде партия мүшелерінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті. Фракция жұмысын жетілдіру, партиялық жобаларды жандандыру мен Жол картасындағы іс шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қаматамасыз ету мәселесін де баса айтты.

Жалпы Ақмола облыстық партия ұйымына 20 аумақтық филиал кірсе, онда 272 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген 38 мыңнан астам партия мүше бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img