spot_img
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
-11.8 C
Kokshetau

Ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет – Мемлекет басшысы

Сондай-ақ...оқыңыз

 

ҚазАқпарат – Креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бесінші мәселе – ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту. Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керектігін де баса айтты.
«Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды. Бұл жүйе озық құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Оны толыққанды жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет», – деді Президент.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Облыста алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметі кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика