spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Шортанды ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл іс шараға сенатолар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткеті, драматург Жабал Ерғалиев қатысты. Жазушының пікірінше, кешегі сталиндік жүйенің зұлымдық саясатының құрбаны болғандар халық жадында.

– Сол бір нәубет қайталанбас үшін Тәуелсіз елімізді нығайтайық! Бірлігіміз бекем болсын! Бүгін Шортанды аудандық әкімдігі мен Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің тарих факультеті бірлесіп, “XX ғасыр қасіреті -күштеп ұжымдастыру, ашаршылық, қуғын-сүргін, депортация” атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатыстым-, деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасында Ерғалиев.
Ол жиналған қауымға
Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВТЫҢ конференция жұмысына құттықтауын жеткізді.
Облыс әкімінің қолдауымен өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау шаралары дәйекті ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта әкімнің қолдауымен саяси қуғын -сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаншама тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып жатыр. Бұл іс әрдайым әкімнің назарында!
Конференцияны Шортанды ауданының әкімі Сағындық Шабаров кіріспе сөзбен ашып, шараны жүргізіп отырды.
Конфереецияда Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Махсат Алпысбесұлы, Actana IT University кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов, Астана халықаралық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Өскембаев, “Білім өркениет” Ұлттық иновациялық ғылыми зерттеу орталығы қоғамдық ұйымының басшысы, тарих магистрі Әзірет Сатылғанов, Еуразия университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Саят Нәбиев, “Мемлекет тарихы инситуты” қызметкері Ғиззат Табылдин, Еуразия Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Есқалиев түрлі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Тарихшылар негізінен архивтік құжаттарға сүйене отырып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық зардаптары жайында келелі әңгіме өрбітіп, бұл зұлматтан сабақ алу керектігін алға тартты,
Ғалымдар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясатты қолдаудың тарихи маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” деген аталы сөзін алға тартты.
Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып Құран оқылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img