spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында – адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, заң кеңесшілері, тергеушілер, мемлекеттік органдардың басшылары.

Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Көкшетау қаласында акция Абай көшесі, 76, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты мекен-жайы бойынша өтеді.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zakon.kz» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Көмектесу үшін бірігеміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img