spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «AMANAT» партиясының азаматтарды қабылдау өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдаудың ашық есік күні өтті.

Облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік атқарушы орган өкілдері азаматтардың өтініштерін қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген қалалықтар өздерін толғандырған түрлі бағыттағы мәселелерін алға тартып, оның аз уақытта шешілетініне сенім білдірді. Мәселен, Бейбітшілік ауданының тұрғыны Махметов Балжігіт мөлтекаудандағы аялдама жетіспеушілігін мәселесіне көтеріп, жолдың жөнделуін, көшені жарықтандыру өтінішімен келді.

Ал, көкшетаулық Әсемгүл Рахымжанова мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспана алғысы келетінін жеткізді. Сонымен қатар, Әбілғазы Рахымжанов тұрғындар атынан келіп отырғандығын айтып, Станционный кентінде жаңа отбасылық амбулатория салу қажеттілігін жеткізді.

Өтініш иелері негізінен денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, пәтер кезегінің жылжымауы, баспана алу мен мүгедектік санатына байланысты сұрақтармен келгендер. Барлық мәселелер мемлекеттік органдар тарапынан тіркеуге алынып, оның шешімі партия назарына алынды.

Жалпы, жыл басынан бері партияның облыстық филиалына келіп түскен өітініштердің  60 пайызы оң шешімін тапқан.

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдаудың ашық есік күні барлық аудандарда өтті.

Партия осындай игілікті іс шараны ай сайын өткізу жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img