spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Ең бастысы мамандығыңды сүю керек», – ұстаз Қуаныш Рахымқызы

Сондай-ақ...оқыңыз

Мурзагельдина Куаныш Рахимовна бүгінде Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск  қаласындағы «Білім – инновация» ІТ лицей – интернаты  КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Білікті ұстаздың мамандығына деген адалдығы мен махаббаты бізді таңқалдырмай қоймады. Кейіпкперіміздің еңбек жолы мен өмірлік қсытанымдары көпке үлгі болсын деген мақсатта аяулы ұстазға арнап бір мақала шығаруды жөн көрдік.

Қуаныш Рахымқызының ұстаздық жолдағы жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Бүгінде педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми атанғын алған маман 1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік институты және өткен жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тамамдаған. Қазіргі таңда Қуаныш Рахымқызы жоғары санатты, педагог – зерттеуші, І (озық) деңгейлі, мектеп тренері болып еңбек жолын жалғастырып келеді.

«Әрине, мұғалім болуды бала кезімнен армандадым. Адам өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, соның  біреуі  – мамандық таңдау. 1985жылы Қарағанды облысы Сарань қаласындағы «Абай атындағы педагогикалық училищені» тәмамдап, ең алғаш ұстаздық жолын бастадым. Содан бері өз мамандығымды абыроймен атқарып келемін. Сондықтан да мамандық таңдауда қатеслескен жоқпын деп нық айта аламын»,-деп бөлісті Қуаныш Мурзагельдина.

Ардақты ұстаздың ерең еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ. Айталық,  2012 жылы  «Білім берудегі қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 2018 жылы Қазақстан Республикасының БҒМ «Құрмет Грамотасы», сондай-ақ, 2022 жылы «Педагогтің адал еңбегі үшін» жергілікті ерекшелік белгісінің иегері атанып  сертификат және төсбелгімен марапатталған. Кейіпкеріміз ұстаздық еңбек жолында екі рет жыл мұғаліміне, бір рет үздік сынып жетекші сайыстарына қатысып, жүлделі ІІ,ІІІ орындарға ие болған. Көптеген облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларда да іс– тәжірибесімен бөлісті. 2014 – 2016 жж  Өрлеу» БАҰО АҚ  «Lesson Study» тәжірибе алаңының модераторы;  мектеп тренері ретінде мектеп қабырғасындағы 15 ұстазды жаңашыл педагогикалық әдіс – тәсілдермен таныстырып, курс өткізіп, сертификаттар табыстады.  «Ұстазынан шәкірті озар» ,- деп дана халқым бекер айтпаса керек. Қуаныш Рахымқызы да шәкірттерінің биіктен көрінуіне үлкен септігін тигізген.

«Шәкірттерім «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы,  «Абай оқулары»,  «Абайтану» олимпиадасы, Республикалық «Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында» жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар  оқушыларым Республикалық «Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған»Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов оқуларында» облыстық кезеңінде Бас жүлдені,  «Бабалар рухы балаларға» батырлар жыры білгірі сайысында, «Сәкен оқулары», «Әбіш оқулары», «Жыр алыбы – Жамбыл» ақындар айтысында, «Ақберен» сайысында сөз шебері мен ақындар айтысы номинациялары бойынша жүлделі орындарды ұтып алды. Ғылыми жоба жұмыстарын жазып, қорғап, жүлделі орындар алған шәкірттерім де бар.

2021 – 2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, Сәрсенбек Байбол, 9 сынып, ІІІ дәрежелі Диплом; 2022 – 2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, Ережеп Дәннар, 9 сынып, ІІ дәрежелі Диплом; 2022 – 2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, Сәрсенбек Байбол, 10 сынып оқушысы грамотамен марапатталды»,- деп шәкірттерінің жетістіктерімен мақтана да, қуана да бөлісті Қуаныш Мурзагельдина.

Ең бастысы өз мамандығыңды сүю керек, дейді кейіпкеріміз. Ұстаздық жол оңай жол емес. Көп дайындықты, қажырлы еңбекті талап етеді. Егер соған дайын болсаң, алдыңда отырған баланы жақсы көрсең, өз жұмысыңнан ләззат аласың. Ұстаз – өз уақытын аямайтын, біреудің бақытын аялайтын жандар. Осыған дайын болу керек деп жастарға кеңесін де берді.

«Ұстаз – ұлы есім. Кезінде ақиық ақын Мағжан «Алты Алаштың басы қосылса, төр –мұғалімдікі» – деп өз бағасын беріп кеткендей, қай дәуірдің ұлы тұлғалары болса да, олардың өзімен бірге ұстаздарының есімі бірге айтылады. Парасат биігіне жол сілтеген ұлы ұстаздың есімі еш уақытта өшпейді. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. Осыдан кейін ұстаздың рөлі маңызды емес деп қалай айта аласыздар?!  Ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Ұстаздар біліктілігін, санатын арттыруда, арнайы білім жетілдіру курстарын өтіп жатқаны қуантады»,-деп қорытындылады сөзін ұстаз.

Автор : Камила Абдельманова

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img