spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

Ассамблея жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды – Президент

Сондай-ақ...оқыңыз

Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге ықпал етті. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, еліміздегі ауқымды түрлендіру барысында Ассамблеяға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бірегей институт халықаралық озық тәжірибеге толығымен сәйкес келетін парламенттік өкілдіктің жаңа тетіктеріне ие болды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ұсынысы бойынша Президент тағайындайтын Сенаттың бес депутаты заңнамалық деңгейде кері байланысты, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге және Парламентте Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіруге жұмылдырылғанын айтты.

Мұнымен қоса, Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық Құрылтай құрамына еніп, оның жұмысына жалпыұлттық диалогтың әмбебап үлгісін ілгерілетуде баға жетпес тәжірибе әкелді.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Ассамблея еліміздің саяси жаңғыруында, жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды. Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге, мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге барлық этностарды тартуға ықпал етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы басталды.

ХХХІІ сессияның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img