spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
12.5 C
Kokshetau

Көкшетауда «QAISAR»  әскери-патриоттық ойыны өтті   

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында  «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының  қолдауымен «Жастар рухы» жастар қанаты «QAISAR»  әскери-патриоттық ойынының іріктеу сайысы  өтті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

«QAISAR»  – бұл командалық-патриоттық ойын, онда оқушылар  көшбасшылық және командалық қабілетін, тактикалық әлеуетін  және төзімділігін  көрсете отырып, өзін  нағыз армияның бір бөлігі ретінде сезіне алады.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриотизм мен жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге дайындау, Отан қорғауға сүйіспеншілігін арттыру.

Ойынның іріктеу кезеңі  Көкшетаудағы  55/10 әскери бөлімінің базасында өтті. Барлығы 12 команда жарысты. «QAISAR» ойынына қатысушылардың сезімдерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. 9-11 сынып оқушылары бірнеше сағат бойы нағыз жауынгерлік қақтығысқа түсті. Ойын барысында олар стратегиялық ойлау, уақыт бойынша әрекет ету және қиын жағдайда тез шешім қабылдай білу дағдыларын көрсетті. Олар командалық рухты, өзара сенім мен қолдау сезімін көрсете білді, бір-бірімен танысты.

«Мен үшін ең бастысы – өз күшімді сынап, әскери адам мамандығын, әскери қызметтің қыр-сырын тереңірек білу. Мұндай жарыстар физикалық және рухани принциптерді жетілдіруге ұмтылуды, стандартты емес жағдайларда жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастырады»,- деп өз ойымен бөлісті ойынға қатысушы оқушы Арман.

Іріктеу ойынының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының командасы  жеңімпаз атанса, екінші орынды Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейі мен жүлделі үшінші орынды №6 мектеп лицейі иемденді.

Енді балалар Астана қаласында 2-7 мамыр аралығында өтетін әскери-патриоттық ойындардың финалында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика