Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқараста туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” – деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға міндетті.
«Ұлтты ұлт ететін- сол ұлттың тілі» деген ғалым Л.Гумилевтің пікірінше, тілдің мерейін көтеруге зиялы қауым, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жауапты. Ана тілімізді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз ісімен, сөзімен жеке үлгі көрсетуі тиіс болса, ал ресми шаралардың барлығы мемекеттік тілде жүргізіліп, тілге деген қызығушылықты арттыруға қоғамның өзі мүдделі болуы шарт. Мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері, яғни, іс қағаздар стиліндегі бірізділік жүйесіне аса зор мән беру туралы арқылы ерекше қатынас жасау құралы – ресми құжаттарды бір арнаға түсіре аламыз. Өйткені, бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізудің басты құралы. Ең бастысы, мемлекеттік орындарда құжаттар дайындауда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынуы тиіс.
Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы болғандықтан, өз қызметінде Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың құқықтық негіздерін» басшылыққа алуы міндетті. Қазақстан мемлекетін айқындайтын негізгі фактор-қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік қызметшіге қоылатын міндеттердің бірі-көпшілік алдында сөйлеу барысында, қызмет бабында қазақ тіліне басымдық беру болып табылады. Біз- ұлтаралық келісім жарасымын тапқан, тату елміз. Сондықтан, қазақ тілі әр адамның ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деген сөзін ірбір қазақ ұғынса, біздің тіліміз тиісті дәрежесіне жететіне анық.
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, елдің тарихын, салтын, дәстүрін жақсы білетін, Қазақсанды Отаным деп санайтын азамат, шыққан тегі қай ұлт екеніне қарамастан , кез келген лауазымды қызметке көтеріле алады. Сондықтан, мемлекеттік тілді өз дәрежесінде меңгеру әр қазақстандық үшін Конституция белгілеген міндет қана емес, қызмет баспалдағымен көтерілуге жол ашатын мүмкіндік те. Яғни, мемлекеттік қызмет сітейтін әр азамат мемлекеттік тілді білуге ынталы және мүдделі болуы тиіс.
Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы – Ақмарал Абирова