spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.7 C
Kokshetau

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы жаңашылдықтар

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне  өзгерiстер енгiзу туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 қаулысын қабылданды, деп хабарлайды Ақмола облысы Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Сайран Кантарбаева.

Жоғарыда аталған Үкімет қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу функциясын аумақтық әділет органдарына беруді көздейді.

Осыған орай, мемлекетті басқарудағы жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуге Әділет департаментіне жіберіледі.

Содан басқа, Үкімет қаулысына сәйкесӘділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жібереді.

Яғни, мерзім 20 күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылды.

Аталған нормалар ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика