spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанда қызметкер жалақы алатын банк картасын таңдай ала ма? Мамандар жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде жалақыны қолма-қол емес, банк карталары арқылы алу таңсық дүние емес. Себебі қауіпсіздік тұрғысынан да, процестерді басқару жағынан да бұл ұйым үшін де, жұмыскер үшін де әлдеқайда ыңғайлы. Көп жағдайда компанияға еңбекақыны бір ғана банк арқылы аудару оңай, сондықтан олар өз қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде осы банктен есепшот ашқызып жатады. Ал жалақы алатын банкті таңдау құқығы бар екенін білмейтін қызметкерге жұмыс берушінің талаптарына келісуге тура келеді. Stan.kz тілшісі мамандармен тілдесіп, жалақы төлеуге қатысты кей мәселелердің жауабын іздеп көрді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жалақы төлеу реті еңбек шарты арқылы айқындалады. Мұнда мерзімі, жалақы мөлшері, қаржы түсетін есепшот секілді бөлімдер де қарастырылады.

Заңгер Сергей Уткиннің сөзінше, қазіргі уақытта жұмыс беруші жалақы төлеу үшін нақты банктермен келісімге отырады. Осылайша, компания комиссия үшін төленетін артық шығындардан арылады екен. Бірақ қызметкер жұмыс беруші ұсынған банктен бас тартып, жалақы алу үшін өзі қалаған банкті таңдай алады дейді ол.

«Әрине, ай соңында еңбекақысын қай банк картасы арқылы алатынын жұмысшы өзі шешеді. Бұл Еңбек кодексінде қарастырылмаған. Мұндай норма Азаматтық кодекстегі «Шарт еркіндігі» бабында белгіленген. Дегенмен көп компания жұмысшыларына өздері үйреніп қалған банктен есепшот ашу керегін айтып, талап қояды. Алайда азаматтардың көпшілігі банк таңдау құқығы бар екенін біле бермейді», – дейді Сергей Уткин.

Маманның айтуынша, кей қызметкерлер үшін жалақының қандай банк картасына түсетіні маңызды емес. Сондықтан жұмыс берушінің айтқанына көнеді.

«Жалақыны барлық жұмысшыға тек бір банк арқылы аудару бухгалтердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, компаниядағы артық шығындарды азайтады. Оның үстіне жұмысқа енді орналасқан қызметкер басшылықпен сөзге келуден қашқақтап, компания айтқан банктен есепшот ашады. Дегенмен жұмысшы айлықты басқа банк арқылы алғысы келіп, бұған басшылық пен бухгалтер қарсы болса, әрине, бұл заңға қайшы әрекет. Мұнда қызметкердің құқығы аяқ асты етіліп отыр», – деп қосты маман.
Сергей Уткин жұмысшының құқығы бұзылса, өзі тұратын аймақтағы Еңбек инспекциясына шағымдануы керегін айтады. Оның арыз-шағымы әрі қарай заң аясында қаралады.

Алматы қалалық Еңбек инспекциясы басқармасының қызметкері, инспектор Нұрсұлтан Өскенбай жалақыны төлеу реті туралы айтып өтті. Маманның сөзінше, жұмыс беруші қызметкер ұсынған кез келген банк есепшотына жалақыны аударуға міндетті екен.

«Еңбек кодексінде жалақыны қалай төлейтіні және қаржыны қандай есепшотқа аударатыны нақты көрсетілмейді. Мұндай мәселелер еңбек шарты арқылы айқындалатынын ұмытпау керек. Егер құқықтық тұрғыдан алсақ, жұмысшы кез келген банк картасымен жалақыны ала алады. Сәйкесінше, компания басшылығы қызметкер ұсынған есепшотқа қаржыны аударуға міндетті», – деп атап өтті еңбек инспекторы.

Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, айлық келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей түсуі керек. Егер бұл талап орындалмаса, жұмыс берушіге қатысты әкімшілік іс қозғалады.

«Талап бойынша келесі айдың алғашқы 10 күнінен кешіктірілмей айлық төленуі керек. Бірақ жұмыс беруші белгілі банктің картасын ашпағанын сылтауратып, қызметкерге жалақы төлемей қоюы мүмкін. Осындай жағдайда азаматтар еңбек инспекциясына шағымданып, өз құқықтарын қорғай алады», – деп аяқтады ол.

Ал банктер ұсынатын жалақы карталары бірқатар артықшылықтарға ие екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Мәселен, тегін қызмет көрсету, жоғарылатылған бонустар сіздің жалақы картаңызда қарастырылған болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс беруші айтқан банктен карта ашпас бұрын мұны анықтап алған жөн. Осы орайда Jusan Bank-тің жалақы жобасы аясында қызметкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер бар. Жалақыға арналған Jusan виртуалды картасы үшін қызмет ақысы тегін. Одан бөлек карта арқылы барлық отандық супермаркеттерде жасалған саудадан жоғарылатылған 5% бонустар түседі.

Кейде айдың ортасында шұғыл түрде ақша қажет болуы ықтимал. Бұл тұста Jusan Bank-тен айлық алатын жұмыскерлер 0%-бен жалақыға дейін ақшаға өтініш бере алады. Бұдан бөлек жалақы жобасы аясында сомасы 8 000 000 теңгеге дейін және мерзімі 60 айға дейінгі несие рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Жалақы картасы қарапайым дебеттік Jusan картасының барлық мүмкіндіктеріне ие. Жалақы жобасы мен картаның артықшылықтары жайлы толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img