spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында электрондық сот ісін жүргізу жетілдірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық сот ісін жүргізу мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Іс шараға облыстың жергілікті соттарының төрағалары, прокуратура, ЭТД, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ҰҚК мен полиция департаментінің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар, электрондық форматта қылмыстық істерді тіркеу мен қарау кезіндегі күрделі мәселелер туралы ҚІЖМАС төрағасы Торқалы Бектұрсыновтың, электрондық материалдар келіп түскен кезде туындайтын мәселелер бойынша Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкімнің, «Электрондық форматтағы қылмыстық сот ісін жүргізу» тақырыбында Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаевтың, электрондық форматта қылмыстық істерді қарау кезіндегі мәселелер бойынша облыс прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыда қатысу жөніндегі басқармасының бастығы Марат Сұлтановтың, ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізулерді қозғау тәжірибесі туралы Полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Ерболат Хұсайыновтың,  ӘІБТ ақпараттық жүйесі арқылы сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау кезінде туындайтын мәселелерді қарау жөнінде ПД ӘПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Арман Нұрсейітовтың, «ӘІБТ» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық жолдау пилоттық жобасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Ламашәріповтың, электрондық форматта қылмыстық істерді жүргізудің сапасы туралы ҚСжАЕКБ қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Виктор Красноусовтың баяндамаларын тыңдады.

         Алқа төрағасы Р.Даминов атап өткендей, «Электрондық қылмыстық іс» жобасы елде сандық технологияларды дамыту бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде енгізілген. Электрондық сот ісін жүргізу тергеп-тексерудегі әуре-сарсаңға салудан арылуға мүмкіндік беріп, мерзімдерді қысқартады, санкциялау онлайн режимде жүргізілетін болады. Сандық формат шешімдерді қабылдауды жеделдетіп, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартып, сыбайлас жемқорлық пен жолсыздықтарды азайтады».

Іс шара соңында барлық баяндамаларды талқылаудан кейін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img