spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларында Ақмола облысының намысын қорғайтын оқушылар анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30-31 наурыз күндері аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді.

Мақсаттары мен міндеттері:
-Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;
-Шығармашыларық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
– оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Өлең сөзінің құдіретін жанымен сезіну, жүрегімен түсіне білуге баулу. Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;
– жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүнитанмдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері»;
II бағыт – «Ұлы тұлғаға арнау»;
III бағыт – «Ілияс-сөз шебері».
Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 36 оқушысы қатысты.
Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар:
1. «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша Ибрашева Жасмина – Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2. «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша Дуйсембаев Айтуар – Ақмола облыс білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
3. «Ілияс-сөз шебері» бағыты бойынша Ергельдинова Зейнеп – Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытындысы бойынша II орынмен келесі оқушылар марапатталды:
«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша:
1. Манап Ақнұр – Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қоғам ауылының Ш.Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2. Ерболат Жасұлан – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қырыққұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
«Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша:
1. Мұғаз Ризаби – Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. Хуанған Харлығаш – Ақмола облыс білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
«Ілияс – сөз шебері» бағыты бойынша:
1.Мұсылманбек Гүлхан – Ақмола облысы, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Ілияс Жансүгіров қорытындысы бойынша III орынмен келесі оқушылар марапатталды.
«Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша:
1. Совет Аружан – Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
2. Рахметова Аққу – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы;
3. Айткожина Адина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
«Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша:
1. Әлиасқар Тілеуді – Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
2. Қақан Перизат – Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
3. Дәулетқызы Баян – Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
«Ілияс-сөз шебері» бағыты бойынша:
1.Кайруллина Арайлым – Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мамай ауылының негізгі орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушысы:
«Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша Ілияс Ақерке – Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img