Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:
– АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
– дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, – деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.