Қазақстанда мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамту саласына құйылатын инвестиция жылы ішінде бес есе артқан. Өсім көрсеткіші екінші жыл қатарынан байқалып отыр, деп хабарлайды Aqmolanews Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласына құйылған инвестиция 15,8 млрд теңгеге жетті.
Бұл сома бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,1 есе көп.
Өңірлер арасында жоғарыда аталған салалар бойынша ең көп инвестиция Түркістан облысына тиесілі. Яғни 4,7 млрд теңге, ақшамен жылдық өсім – 2,5 есе.
Одан әрі көшбасшылар бестігіне Маңғыстау облысы (4,6 млрд теңге), Абай облысы (2,8 млрд теңге), СҚО (1,2 млрд теңге) мен Алматы (871,3 млн теңге) кіреді.
Ал Ақмола облысында (1 млн теңге) өте аз көлемде инвестиция тартылған.
Жалпы 20 өңірдің ішінде Жамбыл және Ұлытау облыстарында мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамту секторларына инвестиция мүлдем түспеген.
Ең көп инвестиция көлемі, яғни 66,4% банктік емес қарыз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.
Сомамен 10,5 млрд теңге. Өткен жылы аталған көзден қаражат түскен жоқ.
Республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге (жылдық өсім 3,4 есе), жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге (жылына өсім 12%) түсті.
Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 127,3 млн теңге инвестицияланды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6,5%-ға артық.