spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
20.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметтер 100% мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болады

Сондай-ақ...оқыңыз
2025 жылға дейін мемлекеттік қызметтер 100% eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болады. Ол туралы бүгінгі брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Жасқайрат Еслямбеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда азаматтар eGov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтердің 95%-ын ала алады.
«eGov Mobile қосымшасына келер болсақ, мұнда мемлекеттік қызметтің 678 түрі шоғырланған. Жыл соңына дейін қосымшадағы мемлекеттік қызметтер спектрін 80%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр» – дейді филиал директоры.
Айта кетейік, жыл басынан бері аталмыш мобильдік қосымша 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсету операциясын іске асырып үлгерді. Бұл қосымша Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ кәдімгі смартфонның көмегімен әлемнің кез келген түкпірінен мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: https://t.me/resmi03
Фото: kp.ru
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика