spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Жол-құрылыс мәселелеріне арналған семинар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жол-құрылыс саласы мәселелеріне арналған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арналған «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» Ақмола бойынша филиалының базасында оқыту семинары өткізілді, деп хабарлайды Aqmolanews ақпараттық агенттігі.

Жергілікті атқарушы органдардың автожол саласындағы жауапты мамандарының жұмысына бұрын талдау жүргізілген. Осы талдауға сәйкес, қызметкерлердің тек 10 пайызы жоғары білімі және автомобиль жолдары саласындағы мамандықтар бойынша дипломға ие.

«Біз нормативтік құжаттар және автомобиль жолдары саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы айтып бердік. Мысалы, ведомстволық сараптама биылдан бастап ауылдардағы жолдардың жөндеуіне енгізіледі. Жалпы, жол-құрылыс барасында жергілікті атқарушы органдарда сұрақтар туындау мүмкін. Біз сол мәселелерді түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріміз. Бұндай іс-шараларды біз еліміздің барлық өңірлерінде өткіздік. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара», – деп айтты «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК мемлекеттік есеп департаментінің директоры Талғат Жүсіпов.

Бастама біліктілікті арттыруға және орындалатын жол-құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған, мұндай оқыту семинарлары еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.

«Бұл іс-шараның басты міндеті – жазғы жол-құрылыс жұмыстары кезінде жауапты мамандар нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды жақсы білуі. Бұндай семинарлар жергілікті атқарушы оргадар үшін өте маңызды болып табылады. Бірақ біз осы іс-шарамен тоқталмаймыз. Алдағы уақытта көптеген жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталғасын, олармен де өткіземіз осындай семинарларды. Ол автожолдардың сапасын арттыратын мәселелерге арналады», – деп атап өтті «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан.

Облыстық басқарма, қалалық және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері өкілдерін заманауи технологиялық және өндірістік жабдықтармен және процестермен таныстырды. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығынан арнайы келген инженерлері мен мамандары теориялық дәрістер өткізді.

Оқыту автожол жобаларының сапасын бақылау, автожолдарды диагностикалау және паспорттау, автожолдар қауіпсіздігінің мониторингі, ведомстволық сараптама, порталмен жұмыс мәселелері сияқты маңызды және өзекті тақырыптар бойынша жүргізілді, техникалық қадағалаудың функциялары мен міндеттерін, нормативтік құжаттардың қалай дұрыс толтырылатынын және ресімделетінін түсіндірілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мамандары оларды қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік алады, оларға толық жауаптар алды. Семинар барысында диалог алаңдары пайда болды. Сондай-ақ, әкімдіктердің мамандары сұрақтар қойып, инженерлермен одан әрі ынтымақтастық пен автожол саласын дамыту аспектілерін талқылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img