spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Мағжан Жұмабаев атындағы кітапханада облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы ақын, ғұлама ойшыл, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы елімізде аталып өтіп жатыр. Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақ әдебиетінің нар тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін алты Алашқа асқақтату мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар бөлімі бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлаған,-деп хабарлайды AqmolaNews  облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап .

2023 жылдың 28 ақпаны күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауына іріктеу мақсатында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті.

Байқауға қала және аудан мектептерінен іріктеліп алынған жеңімпаздар қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқау жеңімпаздары арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Байқау жеңімпазы Серікова Дильназ Аяновна наурыз айында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алған болатын.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы осы атқарылған істердің нәтижесінде өңірде байқауды үздік ұйымдастырғаны үшін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтың қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталды.

Көктемнің шуақты мерекелерімен қатар келген жағымды жаңалықпен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапхана ұжымын құттықтаймыз! Еңбектеріңіздің жемісімен жеңісі көп болсын!

 

 

@magjanjumabaev1946

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img