1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, қандас статусын алды. Жалпы, тәуелсіздік жылдары 1 миллион 110,1 мың қазақ елге оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Биыл Қазақстанға қоныстанған қандастардың тең жартысы – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% –Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден көшіп келді.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.
Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.