spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында колледж директорларына кірістер мен шығыстардың айырмашылығын бақылау туралы айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы, Білім басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ өңірдегі колледж директорлары мен педагогтарының қатысуымен онлайн-семинар өтті.

Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Туралинов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы түзетулер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, а.ж. қаңтарда Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың, олардың жұбайларының шығыстары мен кірістерінің сәйкестігіне бақылау енгізіледі. Бұл норманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі іргетасы деп атауға болады. Азаматтардың шығыстары олардың заңды кірістерінен негізсіз асып кеткен кезде әкімшілік шаралар қабылдау – айыппұл немесе жұмыстан босату түріндегі мансаптық санкциялар көзделеді. Бұл ретте әрбір жағдайда тұлғаға шығыстардың заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Бұл новеллалар 2027 жылдан бастап халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық көлемде қамтуды ескере отырып қолданысқа енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған түзетулер де көзделген. Енді бұл азаматтарды ұйымның тәртіптік комиссиясының немесе өзге алқалы органының ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ, ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша кешенді жұмыс жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді. Агенттікке квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіру және Комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту бойынша құзыреттер берілген.

Көкшетау қаласының МКБ өкілдері колледж қызметкерлеріне жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу туралы айтып берді.

Сонымен қатар, семинарда Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img