КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаулық көпбалалы ана, «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі, «Демеу сенім» қоғамдық қорының жетекшісі ҚұралайЖұмабекова сайлауда дауыс берді, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол өзі орналасқан сайлау учаскесінеотбасымен бірге барып, азаматтық белсенділіктерін танытты.
«Мен бүгін отбасыммен бірге, еліміздің келешегі мен гүлденуі үшін дауыс бердім. Әділдік орнатамыз десек, Жаңа Қазақстанды бірлесіп құруымыз керек. Сол себепті, бүгінгі саяси науқаннан ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жіті көңіл бөлінуде. Бұл біздерді қуантады, әрине. Көпбалалы ана ретінде балаларымыздың келешегі жарқын болсын деп тілеймін. Солүшін өзім және кәмелеттік жасқа толған балаларымды алып, өзім тіркелген сайлауучаскесіне келіп дауыс бердім», – дейдікөпбалалы ана Құралай Жұмабекова.
Айта кетсек, Көкшетаулық «Күміс алқа» иегеріҚұралай Жұмабекова туған балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жетерліктейаналық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі. Алты баланы дүниеге әкеліп, тағы алтыбаланы бауырына басқан ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда.
Бүгінгі күні ол жетекшілік етіп отырған «Анаүйі» ресурстық орталығы мен «Демеу сенім» қоғамдық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуде.