spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
19.2 C
Kokshetau

Әр мәселені назарға алып, қадағалап отырмыз – ДИАҚБ байқаушылар миссиясының басшысы

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір Қазақстан бойынша біздің 350-ге жуық байқаушымыз сайлау процесін қадағалап жатыр. Бұл туралыБАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфиайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз байқау процесін ақпанда бастадық. Осы уақыттан бері әр мәселені назарға алып, қадағалап келеміз. Біздің 350-ге жуық байқаушымыз Қазақстанның барлық өңірінде байқау жүргізуде. Біз осы айдың соңына дейіносында боламыз. Өйткені, сайлаудан кейінарыз-шағым түсуі мүмкін. Осы мәселелерді тәуелсіз зерделеу үшін жұмысты одан әрі жалғастыра бермекпіз», – деп мәлім етті Оуэн Мерфи.

Оның айтуынша, ертең сайлау процесінеқатысты алдын ала қорытынды шығарылады.

«Ертең біз ЕҚЫҰ ПарламенттікАссамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жариялаймыз. Өйткені, қазіргі таңда біздің әр өңірдегі байқаушыларымыз жеделақпараттармен бөлісіп жатыр. Сондықтан алдын ала қорытындыны ертең шығарамыз», – деп түйіндеді Оуэн Мерфи.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика