Өңірде күрделі су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша алдын алу су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Aqmolanews Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағдайды мониторингілеу бойынша жұмысты үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ететін облыстық (күндізгі уақытта) және Аршалы мен Целиноград аудандарында су тасқынына қарсы штабтарының жұмысы басталды.
Су тасқыны қаупі бар өзендерде тәуекелдерді болдырмау үшін гидротехникалық құрылыстарда жедел шаралар қабылдау үшін тәулік бойы бақылау бекеттері қойылды.
Облыстың 10 ауданында Жабай, Сілеті, Қарасу, Қызыл-су, Жанысай, Есіл, Сарқырама, Жыланды, Аршалы, Колутон, Талқара, Боксук, Есіл және Нұра өзендерінің қауіпті учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау жұмыстары аяқталды. Орындалған жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 21 мың шаршы метрді құрады.
Айта кетейік, Ақмола облысындағы көктемгі су тасқынын жою үшін елді мекендерден 900 мың текше метрден астам қар шығарылды, 315 тонна ЖЖМ, 17 мың тонна инертті материалдар және 91 мың қап дайындалды. Автомобиль және темір жолдардағы 800 ге жуық су өткізу құрылыстары мен 133 көпір тазартылды.