spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
31.2 C
Kokshetau

Мәжіліс сайлауы: ЕҚЫҰ-дан Қазақстанға 400-ден астам байқаушы келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы сайлауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 400-ден астам байқаушы келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 400-ден астам байқаушылар алдағы парламенттік сайлауды байқау үшін Қазақстанға келеді. Айта кету керек, бұл халықаралық байқаушылардың ең үлкен миссиясы. Өткен аптада ЕҚЫҰ Миссиясының аралық есебі шықты. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері алдыңғы ұсыныстарға жауап беретінін атап өткен», – деп мәлім етті Роман Василенко.

Брифинг барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге ниет білдіріп жатқанын айтты.

Сонымен бірге министрдің орынбасары былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.

 

https://www.inform.kz/kz/mazhilis-saylauy-ekyu-dan-kazakstanga-400-den-astam-baykaushy-keledi_a4044454

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика