spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облыстық филармониясының солисі Аягөз Қалмағанбетованың жеке концерті өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін бас дирижер Жанат Рашиттың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде филармония солисі Аягөз Қалмағанбетованың жеке концерті өтті, деп хабарлайды AqmolaNews облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Аякөз Қалмағанбетова – Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі.
Керемет лирикалық сопрано дауыстың иесі, жезтаңдай әнші Е.Рахмадиев атындағы І Ашық халықаралық байқауға, Н.Тілендиев атындағы халықаралық байқауға, Б.Төлегенованың ІХ Халықаралық воколистер байқауына, «SalveRegina» II Ашық воколистер байқауына (ІІ орын), «Өнер! Достық! Бейбітшілік!» атты I Ашық Республикалық байқауына (І орын), ағайынды Әбдінұровтардың байқауына (I орын), Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған байқауға (І орын) қатысып, шеберлігін шыңдады.


Сонымен қатар, Аягөз Нұрғалиқызы филармония ұжымдарымен бірге Атырау қаласында өткен Құрманғазы атындағы оркестрлер фестиваліне қатысты және Қазақстан қалалары бойынша бірнеше концерттік турларға шықты. Әнші Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблімен Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетті.
Кеш иесі Аягөз Қалмағанбетова екі бөлімнен тұратын концерттік бағдарламасының бірінші бөлімінде Мұратбек Бегалиев, Төлеген Мұхамеджанов, Мұқағали Мақатаев, Садық Кәрімбаев, Қанабек Байсейітов, Шәмші Қалдаяқов, Манарбек Ержанов сынды қазақстандық композиторлардың танымал шығармалары мен Арқаны дүбірлеткен сал- бағдарламаның екінші бөлімінде атақты шетелдік композиторлар: Джоаккино Россини, Луиджи Ардити, Леонкавалло, Агустин Лараның төл туындылары мен Имре Калманның «Сильва» опереттасынан ария, ұйғыр халық әні және т.б. да композицияларды орындады.

Концерт барлық жастағы көрермендерге арналған, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img