Зеренді ауданының Шағалалы Жоғары агротехникалық колледжі базасында «Отанды қорғауға дайындалу» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасы.
Аталған байқауға облысымыздың мектептері мен колледждерінен жалпы 19 команда – 57 адам қатысты.
Төрт ойынның нәтижелері бойынша орындар келесідей анықталды:
1 орын – Әл-Фараби атындағы IT лицейі;
2 орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы;
3 орын – Красный Яр агротехникалық колледжі.
Командалық есепте:
1 орын – Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT лицейі;
2 орын – Бурабай ауданының командасы;
3 орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасы.
Жеке есепте «Пневматикалық винтовкадан оқ ату» номинациясында ұлдар арасында үздік нәтиже Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенті Оразалин Саянда.
«Пневматикалық винтовкадан оқ ату» номинациясында қыздар арасында үздік нәтиже Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенті Жукенова Гульназда.
«Автоматты бөлшектеу және құрастыру» номинациясында ұлдар арасында үздік нәтиже Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы Мадиев Адильде.
«Автоматты бөлшектеу және құрастыру» номинациясында қыздар арасында үздік нәтиже Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі студенті Алиева Севиляда.
«Жалпы әскери қорғаныс кешенін кию» номинациясында қыздар арасында үздік нәтиже Әл-Фараби атындағы IT лицей оқушысы Қожатай Аяулымда.
«Жалпы әскери қорғаныс кешенін кию» номинациясында ұлдар арасында үздік нәтиже Ж.Мусин ат. Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенті Оразалин Саянда.
«Оқжатарды жабдықтау» номинациясында ұлдар арасында үздік нәтиже Степногорск қ. таукен колледжінің студенті Бекжанов Аскенде.
«Оқжатарды жабдықтау» номинациясында қыздар арасында үздік нәтиже Жаңа Есіл агротехникалық колледжінің студенті Утеулинова Асемде.
«Қатысушылар саптық дайындық шеберлігін, командада жұмыс істеу, автоматты бөлшектеу және құрастыру қабілеттерін көрсетті. Жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды»,-деп ұйымдастырушылар атап өтті.
Құттықтаймыз!