Бірден үш баланы Ақмола облысының Ыбыраевтар жанұясы асырап алды. Бірнеше жыл бұрын Зеренді ауданының Баратай ауылынан Сайран мен Гүлнар есімді ерлі-зайыпты балалар үйінен үш баланы бауырына басты. Бүгінде олардың үлкендері студент атанып, айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді, деп хабарлайды Aqmolanews тілшісі.
Көңірді ән мен бүлдіршіндердің жарқын күлкісі Ыбыраевтар шаңырағының тұмары іспеттес. Демалыс күндері бүтіндей бір мерекеге айналады. Виктория, Евгений және Иван басты назарда. Олардың отбасында орын алған оқиғаны эмоциясыз және тебіренбей еске алу мүмкін емес. Енді тәуелділік пен «қысым» қиындықтары артта қалды, десе де, Сайран мен Гүлнар Ыбыраевтар өмірлерін жақын және қымбат болып үлгенген балаларсыз елестете алмайды.
«Біздің үш үлкен ұлымыз бар. Біз ұзақ уақыт бойы қызымыз болғанын армандадық, балалар үйіне бардық. Сол жерде оларды, бір әпкесін және екі ағасын көрдік. Олар сол кезде өте кішкентай еді. Біз оларды бір аптаға өзімізге қонаққа алып кеткен едік, жолда бізді бірден әке мен ана деп атай бастады. Содан кейін бізден кеткілері келмеді, біз де қимай жыладық. Біраз ойланып, кейін 3-4 күн өткен соң, біз олардың үшеуін де асырап алуға шешім қабылдадық, үлкен балаларымыз біздің шешімімізді қолдады», – дейді Гүлнар Ыбыраева.
Ата-аналар мен балалар арасында жылу, қамқорлық пен достық атмосферасы байқалады. Балалар ересек адам сияқты әрекет етеді және аналарына үй шаруасында көмектеседі. Айтпақшы, сәл есейген соң, олар өз аттарын өзгертті: қазір олардың есімдері Әйгерім, Ержан және Олжас. Ержан мен Олжас ұлдары тіпті мұсылмандық «Сүндет»рәсімінен өтті. Отбасының барлық мүшесі тек қазақ тілінде сөйлескенді жөн көреді.
«Мен өзім қазақша есім алғым келді және ауылдың имамына «Азан шақыру» рәсімін өткізу туралы өтінішпен бардым. Әйгерім деген жаңа есімді біз бірге таңдадық. Достарым мен туыстарым мені басқаша атамайды. Қазір қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып оқимын, бірақ журналист болғым келеді. Жуырда республикалық байқауларға қатысып, гран-при жеңіп алдым. Мен сондай – ақ ән айтқанды ұнатамын, іс-шараларға жетекшілік етемін», – дейді Виктория Клепцова.
Бұл отбасындағы ата-аналар әрқашан балалардың хоббиін қолдап, оларды жаңа жетістіктерге шабыттандырып отырады. Бұған Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау үшін алған көптеген марапаты шыр шертіп тұрғандай. Балалар бос уақытын спортқа, атқа мінуге және аңшы иттерді үйретуге арнайды.
«Мені үйде әрқашан қолдайды. Менің өте үлкен отбасым бар деп қуана айтамын. Бұл ата-аналар, көптеген бауырлар, апалар, нағашылар мен тәтелерім. Мен бәрін қатты жақсы көремін және олардың менің өмірімде болғаны үшін алғыс айтамын. Олар мені әрқашан мақтан тұтады, мен де оларды ренжітпеуге тырысамын. Мен қазір Шоқан Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжде қазақ тілі мұғаліміне оқып жүрмін», – дейді Евгений Клепцов.
Бүгінде Ыбыраевтар – Зеренді ауданының ең үлгілі отбасыларының бірі. Биыл олар кәсіби патронаттық отбасылар тізіміне енді. Отбасының анасы Гүлнар Ыбыраева аудандық Аналар кеңесінің төрағасы болды. Ерлі-зайыптылардың өздері атап өткендей, олардың ісі бала арысап алғысы келетін басқа да жандарды шабыттандыруы керек. Өйткені, ондағы балалардың әрқайсысы ананың жылуы мен әкесінің қамқорлығын алуды армандайды.Еш уақытта ерлі-зайыптылар қабылдаған шешімге өкінген емес, ал балалар оларды тек еңбекқорлығымен, оқуға деген ынта-жігерімен, қызығушылығымен, белсенділігімен қуантады. Олар-әр түрлі конкурстардың тұрақты қатысушылары, соның ішінде шығармашылық қабілеттерін, қазақ тілін жақсы білуін көрсететін тілдік конкурстар бар. Осының бәрі отбасында билік құрған өзара түсіністік, еңбекқорлық, жылы қарым-қатынастың арқасында мүмкін болды.