spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қызылша дертін жұқтыру қаупі пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен ғасырдың бас кезінде қызылша ауруын ел ішінде «балалар обасы» деп атады, өйткені бұл ауру сол заманда бала өлімінің ең жиі кездесетін себептерінің бірі болатын. Ол кезден бері медицина саласы едәуір дамығанымен, қызылшаның қаупі жоғалған жоқ.

Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Санэпидбақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина қазіргі уақыттағы қызылша ауруы бойынша эпидахуал туралы баяндады. Спикердің айтуынша, бұл аса жұқпалы дерт ортаңғы құлақтың, трахеяның, бронхтардың, ми қабығының қабынуына, пневмонияға, зағиптік пен саңыраулыққа, мүгедектікке алып келуі мүмкін.

«Қызылшаның белгілері жедел респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсайды, алғашында науқастың қызуы көтеріліп, жөтел, тұмау пайда болады, көз жасаурайды. 2-3 күннен кейін денеде алқызыл бөртпелер пайда болады. Әдетте қызылшаны емдеу қиынға соғады. Ауруды қоздыратын вирус қоршаған орта әсеріне төзімді келеді және өте жылдам таралады, сондықтан қызылшаның алдын алатын жалғыз жол – вакцина қабылдау» – дейді Мусина ханым.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша 2022 жылы 150 мыңнан астам қызылша жұқтыру жағдайы орын алған. Жыл басынан бері індет Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина елдерінде кең етек жайып келеді.

Биыл біздің елде қызылша белгілері бар 11 адам анықталды, оның ішінде 6 адамның нақты қызылшамен ауыратыны лабораториялық зерттеулермен дәлелденді. Ақмола облысында 2 адамнан қызылша белгілері байқалып отыр, бірінде қызылша вирусының болуы зерттеу кезінде расталмаса, екіншісі – әлі зерттелу үстінде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img