spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 157 жыл

Сондай-ақ...оқыңыз

1866 жылы 5 наурызда Қазақтың ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан дүниеге келді.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының атасы әрі төрағасы болды.

1917 жылдың желтоқсанында президенттік басқару тетігі бар шынайы демократиялық парламенттік республика ретінде дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін жасаған Алаш автономиясы бүгінгі Қазақ елінің негізін, берік іргетасын қалап берді.

Әлихан Бөкейхан – даңқты энциклопедист ғалым, екі жоғарғы білімі бойынша ормантанушы-ғалым, агроном әлі заңгер, табиғи дарыны бойынша тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, журналист әрі публицист, сондай-ақ жер пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша теңдессіз маман болатын. Оның осы күнге дейін табылып, жинақталған ғылыми-публицисткалық мұрасы 15 томға жетті.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған Әлихан Бөкейханның есімі, соңғы демі біткенше аңсаған мақсаты жолында жасаған қызметі мәңгілікке сүйікті халқының жадында сақталмақ.

 

Дереккөз: aqmola_madeniet

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img