spot_img
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
18.3 C
Kokshetau

Щучье тұрғынының үйінен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Криминалдық полиция қызметкерлері Щучье қаласының 58 жастағы тұрғынының үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тапты, деп хабарлайды Aqmolanews тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында анықталып, тәркіленді.

«Тұрғынның сөзінше, сирек кездесетін қаруды ол биылғы жылдың ақпан айында бұрын металл қабылдау пункті болған аумақтан тауып алған. Қаруды заңсыз сақтау дерегі Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Қосшыда көршісінің үйінен 20 млн теңгесін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика