spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия компаниялары қызметінің және саланы дамытудың бірқатар өзекті мәселесі қаралды, деп хабарлайды AqmolaNews Үкімет сайтына сілтеме жасап. 

Кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективалы кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар теміржол тасымалына тариф белгілеу, өнім экспортын ұлғайту, өнеркәсіп нысандарын газбен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселеқозғалды.

Кеңеске «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға бизнес өкілдері көтеретін түйткілді мәселелер бойынша шараларды пысықтауды жеделдетуді және келесі кеңесте нақты ұсыныстар беруді тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img