Қазіргі уақытта мемлекетіміз күн сайын өркендеп, дамып, озық дамыған елдердің қатарына біртіндеп енуде. Бірқатар салаларда атап айтарлықтай жетістіктер мен ауыз толтыра айтар жаңашылдықтарымыз баршылық. Десе де, әлі де болса отандастарымызды алаңдатып отырған түйіткілді мәселелер жоқ емес. Солардың бірі мемлекеттік тіл мәртебесі мен мәселесі. Осы орайда AqmolaNews ақпарат агенттігінің тілшісі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қалымтайқызымен сұхбаттасып қайты. Әңгіме өңірдегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен оқыту мәселері жайлы өрбіді.
Жалпы айтар болсақ, «Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКМ «Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жұмыс атқарып келеді.
«Тілдерді үйретуде коммуникативтік бағыт ұстанымын – проблемалық тақырыптарды және лигвистикалық тапсырмаларды меңгере алуын, коммуникация үдерісінде бірден жауап беру біліктілігінің қалыптасуы мен әртүрлі жағдаятта шынайы қатысымға түсуде психологиялық дайындығының қалыптасуын басшылыққа аламыз. Тыңдаушылар қарапайым А1, базалық А-2 және жоғары В1-В2 деңгейлерде ақысыз негізде оқытылады. Әр деңгейде оқу ұзақтығы – 1 жыл, ағылшын тілін үйретудің курсында да 120 сағаттық бағдарламамен оқытылады. Толық оқу курсын бітірген тыңдаушыға сертификат беріледі»,- деп атап өтті сөз басында спикер.
– Қазіргі уақытта облыста қанша тіл үйрету орталығы жұмыс істейді. Нақтырақ айтар болсақ, қазақ тілін үйрету орталықтары қанша? Қанша адам тіл үйреніп жүр?
– Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша жалпы 20 тіл оқыту орталықтары жұмыс істейді. Оның ішінде, 1 облыстық оқу-әдістемелік орталығы, 3 қалалық және 16 аудандық орталық. 2023 оқу жылында 342 топ ашылып, 3876 тыңдаушы қабылданды.
Ұлттық құрамы бойынша жергілікті ұлт өкілдер 2401 , этнос өкілдері – 1475, соның ішінде, 276 топ – мемлекеттік, 3140 тыңдаушы, мемлекеттік қызметшілер саны – 1104, азаматтық қызметшілер саны – 2036, жергілікті ұлт өкілдер – 1778, этнос өкілдері – 1362, (2022 жылмен салыстырғанда 259 тыңдаушыға өсім бар), ағылшын тілінен 66 топта 736 тыңдаушы оқиды.
-Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығы қандай?
-Тілдерді оқыту орталықтарында тіл үйренушілердің коммуникативтік құзыретін дамыту әрі қызығушылықтарын ояту мақсатында коммуникативті, интерактивті, оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту әдісі, естіп-байқау әдісі (аудиовизуалды), сондай-ақ тілді оқытып-үйретудің қазіргі технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылады.
Бұл әдістеменің ерекшелігі – интерактивтілік, тіл кедергісінен жылдам өтуге, тіл үйренушілерді еркін сөйлетуге, коммуникативтік мақсатқа жетуге бағытталған.
Орталықтар жанынан құрылған Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету мақсатында «Тілдесейік, достар!» атты тіл үйрету клубтарының жаңа жобасы және Облыстық нотариалдық палатаға қарасты жеке нотариустарды оқыту қолға алынған. Клуб отырыстары барысында күнделікті қарым-қатынасқа құрылған лексикалық тақырыптарға сай коммуникативтік орта қалыптастырып, өзара сөйлесу диалогтары жүргізілуде. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар, ойын түріндегі тапсырмалар, түрлі диалогтар, тренингтер өткізілуде.
Облысымыздың келесі Орталықтарының базасында қазақ тілін еркін, бейресми форматта оқытатын Тіл клубтарының жалпы саны – 15. Клубтарға тіл үйренем деушілер (қала тұрғындары) қамтылған.
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығында «Тілдесейік, достар!» атты клубында – 20 адам, Аршалы ауданында «Қазақша сөйлейік» – 9 , Ақкөл ауданында «Қазақ тілі оңай» – 8, Атбасар ауданында «Қазақша сөйлейік» – 12, Бурабай ауданында «Қызықты қазақ тілі» – 10, Бұланды ауданында «Зейін» – 15, Біржан Сал ауданында «Тіл-қазына» – 8, Есіл ауданында «Кел, қазақша сөйлейік» – 12, Жарқайың ауданында «Тіл-қазына» – 10, Жақсы ауданында «Til.kz» – 8, Шортанды ауданында «Сөйле Time» – 8, Қорғалжын ауданында «Тәуекел» -15, Степногорск қаласында «Кел, қазақша сөйлейік» – 8, Көкшетау қаласында «Сөйле КZ» – 26, Қосшы қаласында «Мәртебе» – 12. Барлығы 181 адам.
Әлеуметтік желілер мен онлайн ресустарда қазақ тілін үйрету қарқыны қандай?
2023 оқу жылында барлық сабақтар офлайн түрінде өткізіледі.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік тілде қолдау көрсету жұмыстары атқарылуда. Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен мемлекеттік тілде қызмет көрсетуде шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған базалық тілдік дағдыларға үйрету мақсатында, әлеуметтік желілердегі Орталықтардың парақшаларында бейнебаян түрінде, шағын бейнесабақтар үнемі жарияланады.
«Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде мемлекеттік тілді насихаттауға қатысты өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар үнемі жарияланып тұрады.
Оқу-әдістемелік кеңес отырысы жиі өткізіліп тұратыны туралы да Әсемгүл Қарсабаева. Онда мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың 3 деңгейлік бағдарламалары жәнетағы да басқа оқу үдерісіне қатысты мәселелер талқыланады. Тыңдаушылардың тілді меңгеруге деген ынта-қызығушылықтарын арттыру және оқытушылардың шығармашылықтарын шыңдау мақсатында Орталықта танымдық, тақырыптық, зияткерлік ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өтеді.
.
Сұхбат берген: Әсемгүл Қалымтайқызы Қарсабаева, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
Әңгімелескен: Камила Әбделманова
Фото: tilalemi.kz