Мәдениет – қоғамдағы іргелі ұғымдардың бірі екенін білесіз. Ал экомәдениет жайлы не білесіз?
Экомәдениет – табиғатты қорғаудың негізгі күші. Мәдениет өз-өзіңді шектеуден басталса, экомәдениет қоқыс тастамаудан, жинаудан басталады. «Бұл қоқысты мен тастамадым, бірақ менің әлеміме тасталды» деген ұғымды ұстанатындар «экологогиялық мәдениетті» деп айтуға болады. Ағылшын ғалымы Энтони Гидденстеннің пікірінше экологиялық мәдениеттің құндылығы aдaмдapдың жacaғaн нopмaлapынaн,өмip тaлaптapынaн пaйдa бoлғaн идeялapдaн тұpaды. Яғни, биосфераның түбегейлі өзгеруіне байланысты адамдар дүниетанымына өзгеріс енгізу қажеттілігімен байланысты. Ыбырай Жақаевтың «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі», – деген сөзі экомәдениет ұғымының тамырын дөп басады.Негізгі табиғи ресурстардың сарқылуы және экологиялық ортаның өзгеруі экологиялық дағдарысты тудыртады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін басқа ресурстарға көшу, экомәдениетті дамыту, мемлекеттік деңгейде заңдар қабылдау керек. Табиғатты қорғау жеке тұлғаның құндылықтарының бір бөлігіне айналуы үшін заң қатты болуы керек. Адамдар өздігінен табиғатты аяламайды. Оған мысал көргіңіз келсе, айналаңызға бір рет зер салып қараңыз. Француз жазушысы Экзюперидің «болашақта адамдар аспанға мойын бұрып қарамайтын болады» деген сөзінің жаны бар секілді.
Қоқыс сұрыптау – тиімді әдіс
Көптеген елдер экологиялық жағдайды жақсарту үшін қаншама қаражат құйып, ғалымдарды тартып, көлемді әрекеттер жасауда. Атмосферадағы көміртегі шығарындыларын азайту, қайталама пайдалану, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық таза өнімдер, гибридті автомобильдерді жүргізу, қоқыстарды сұраыптау сынды бастамалар нәтиже беріп жатыр. Ал Қазақстанда қоқыс сұрыптау ісі етегін кеңінен жайды. Қазақстанда өндірілген және қолданылған қалдықтар 100 миллиярд тоннаны құраса, соның тек 5 пайызы ғана қайта өңделеді. Осыған орай қоқыс сұрыптауды халыққа жетесіне жеткізіп түсіндіріп жүрген экожанашырлардың бірі – ECOSEN компаниясы. Ол қалдықтарды кәдеге жарататын Қазақстандық технологиялық жүйе. Бұл компанияның жеке қосымшасы да бар. Ол жерде адамдарға қалдықтарды сұрыптауды, қайта өңдеу нүктелерін көрсетеді. Директоры Айбек Рахим компанияның басты мүддесін «Біз қалдықтарды қайта өңдеу үшін қабылдаймыз, қоқысты сұрыптауға үйретеміз және Қазақстанның экоинфрақұрылымын дамытамыз. Қазір біз ecosen қосымшасында онлайн-дүкен жасап жатырмыз. Болашақ инновацияның арқасында пайдаланушылар белгілі бір өнімдерді, мысалы, Tupperware өнімдерін қолданбада жинақталған қаражатқа сатып ала алады», – деп түсіндірді.
Әлемдегі ең таза 6 ел:
1. Бүгінгі таңда Исландия әлемдегі ең экологиялық сау ел ретінде танымал. Өзінің керемет табиғатымен Исландия халқы «жасыл» энергияны имплементациялауда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, геотермалдық электр энергиясын өндіру үшін қаншама істерге барды. Жылыту қажеттіліктері сутекті қолданумен іске асты. Елдің негізгі энергия көзі – жаңартылатын энергия (геотермалдық және сутегі), ол барлық тұтынылатын энергияның 82% – дан астамын құрайды.
2. Швейцария үкіметі мен халқы экологиялық таза қоғам құруда керемет жетістіктерге жетті. Жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық таза өнімдерден басқа, халықтың қоршаған ортаның тазалығының маңыздылығы туралы менталитет қалыптастырды. Тіпті, кейбір қалаларда көлікпен жүруге тыйым салынған.
3. Швеция – экологиялық таза өнімдермен қоршаған ортаны сақтайтын елдердің көшін бастап тұр. «Жасыл» өнімдерді пайдаланудан бөлек, 2020 жылы қазба отынынан кезең-кезеңімен бас тартамыз деген шешімге келген. 3. Коста-Рика – кішкентай елдің керемет істер жасайтынының тағы бір тамаша мысалы. 2021 жылы елдің көміртектен тәуелсіздігі туралы мақсат қойды. Соңғы 3-5 жылда отырғызылған 5 миллионнан астам ағаштары бар ормандарды жаппай қалпына келтіру жүріп жатыр.
4. Норвегия – Арктикаға жақын орналасқандықтан жаһандық жылынудың әсерін бастан кешірді. Сол себепті қоршаған ортаны сақтау үшін жедел шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Қазір «жасыл елдердің» бірі.
5. Маврикий – экологиялық тиімділік индексі жоғары Африкадағы жалғыз мемлекет. Үкіметі эко өнімдерді пайдалануды және қайта өңдеуді барлық жағынан насихаттайды. Маврикий өзін негізінен гидроэлектрмен қамтамасыз етеді.
6. Франция – жаңартылатын энергия көздері арқылы қоршаған ортаны сақтау міндетін өте жақсы атқарады. Франция экологиялық таза отынды, органикалық егіншілікті және күн энергиясын пайдалану тәсілін басты назарды ұстайды. Франция үкіметі күн батареяларын үйлерін қуаттандыру үшін қолданатындарға салықты азайту арқылы ынталандырады.
Камила Әбделманова