spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

ОСК партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Aqmolanews ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. Сонымен қатар, 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сай, кеше пропорционалды негізде сайланатын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаты депутаттарының жартысын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркеу өз мәресіне жетті. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасатын болады», – деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сонымен қоса ол партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланатынын атап өтті.

«Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік», – деді Константин Петров.

Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясынан – 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25, «Amanat» партиясынан – 90, «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді. Сонымен қатар, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.

«Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері – 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы – 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», – деп түйіндеді Константин Петров.

Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img