spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Өңірдегі медицина мамандарының тапшылығы шешілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде  өңір тұрғындары үшін 562 Денсаулық сақтау объектісі медициналық қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдарда 8 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 1 650 дәрігер және 6 132 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Кадр тапшылығы мәселелерін шешу жолында жасалып жатқан шаралар жөнінде өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тохтар Қоңырбаев айтып берді.

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл сайын резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді, орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді. Сондай-ақ, орта буын мамандарын даярлауды Көкшетау жоғары медициналық колледжі 8 мамандық бойынша жүзеге асырады. Яғни, аталмыш оқу ордасынан емдеу ісі, акушерлік іс, мейірбике, гигиена және эпидемиология, стоматология, ортопедиялық стоматология, зертханалық диагностика, фармация мамандықтары бойынша білім алуға болады.

«Сонымен қатар,  2018 жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылды, онда 740 адам оқиды, оның ішінде әкімнің гранты есебінен 200 адам білім алып жүр. Жыл сайын мецина факультетіне 50 әкім гранты грант бөлінеді»,- деп атап өтті Тохтар Қоңырбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысы елоардаға жақын орналасқан өңір болғандықтан кадр тапшылығының болуы қалыпты жағдайға айналды. Әрі бұл тек медицина саласына қатысты мәселе емес.

Десе де, медицинакадрларың ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр.Жатақхана беру, жалдау төлемдерін бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын немесе зайыбын жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

«2022 жылы өңірге келген 88 жас маман келді. Ондағы ең сұранысқа ие 27 жас маманға 50 млн.теңге сомасына көтерме ақы төленді. Оның ішінде қалалық жерге келген 18 дәрігерге 27 млн. теңге, ауылдық жерге келген 9 дәрігерге 23 млн. теңге төленді. 2023 жылға облыстық бюджеттен жаңадан келген дәрігерлерге көтерме ақы төлеуге 120 млн. теңге қарастырылған»,-деп толықтырды сөзін спикер.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға!» бағлармасы аясында көтерме 75 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 22,9 млн. теңгеге, әрқайсысы орта есеппен 300 мың теңге берілді. Тағы 54 медицина қызметкері 242,9 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие алды .

Жыл сайын медицина қызметкерлерінің жалақысы: дәрігерлер 30% – ға және орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% – ға, кіші персонал 15% – ға өседі.Қабылданған игі шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары дәрігер мамандарының тапшылығы 2 есеге төмендеді.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биылғы жылға 62,3 млн. теңге сомасына 5 объектіде күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу жоспарланған. Оларды әзірлегеннен кейін күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттік өтінімдер берілетін болады.

Облыс бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесіндежалпы өлім-жітім көрсеткіші 29% – ға төмендеген.

Айта кеткен жөн, биыл облыс орталығында630 орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік әріптес болатын жалпы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікшеңберінде іске асырылады.

«Аталған аурухананың құрылысы «Сарыарқа» шағынауданындағы 17 гектар жер учаскесінде жоспарланған. Бұл учаске ыңғайлы көлік логистикасын ескере отырып, қаланың шалғай нүктелерінен 15-20 минут ішінде жедел медициналық көмектің жетуін есептей отырып таңдалды.Нысанды жобалау мен салудың мақсаты  ғылым мен білім беру практикасын сапалы интеграциялай отырып, озық инновациялық технологияларды пайдаланып, елдің солтүстік өңірінің 3 облысына арналған халықаралық деңгейдегі аурухана құру. Бұл аурухана зертханалық-диагностикалық зерттеулерден бастап стационарлық емдеуге дейін, яғни аурудың барлық кезеңдерінде пациентке ұсынылатын қызметтердің кең спектрі бар сапаның алтын стандартына айналады»,- деп мәлімдеді Тохтар Қоңырбаев.

Ауруханада барлығы 1979 штат бірлігі болады деп болжануда, осылайша қосымша 50 жұмыс орны ашылады, деп толықтырды сөзін спикер.

Аурухана аумағында негізгі кешенді ғимараттан басқа, оның жұмыс істеуі үшін барлық нысандар жобаланған, оның ішінде: 208 орындық жабық паркинг, санавиацияға арналған тікұшақ алаңы, қазандық, гараж, патологиялық-анатомиялық бөлімше, қойма, жедел жәрдемді дезинфекциялау пункттері болады.

Құрылыстың аяқталуы 2025 жылы жоспарланған.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img