spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жоғары сапасы – халыққа бағдарланған мемлекеттің көрінісі

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Думан Әбілев біздің оқырманға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бұл мемлекет пен халықтың өзара қарым қатынасының бүгінгі көрінісі,  Ақмола облысының бұл салада бейнесі қандай екенін баяндады.

– Бүгін елімізде мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, барлық қызмет алушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ұсынылатын құжаттардың тізбесі қысқартылып, көптеген қызметтер электрондық және проактивті нысанға ауыстырылуда. Жалпы, электрондық қызметтер санының да, қатарының да артуына есептік мәліметтер дәлел. Мәселен, 2022 жылы біздің облысымызда 9 386 565 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстыра айтқанда 852 538 мемлекеттік көрсетілетін қызметке артық. Көрсетілген қызметтердің 94,5% электрондық түрде. Алайда біз тек мемлекеттік қызметтер және оларды алу тәсілдері санының артуына ғана емес, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасына ерекше назар аударамыз? – деді Думан Әбілев. 

Бұл жерде атап өтетін мәселе, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына баға беруде қоғамның рөлі ерекше, сол себепті заңнамада азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін арнайы қоғамдық мониторинг ұғымы белгіленген.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есепке сәйкес, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары Республиканың барлық өңірлері арасында үш жылдық кезеңде (2020-2022 жылдар) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ең жоғары балға ие болға.

Яғни, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары қызмет алушылардың оң бағаларының орташа көрсеткіші бойынша елімізде соңғы жылдары үздік нәтижелерге жеткен.

Осы салада атап өтетін өзгерістер бар ма?

– 2022 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына қол қойды. Жарлықта мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жеделдетуді, құжат айналымы мен есептілікті талап ететін жүйелік және қолданбалы шаралар кешені көзделген. Жарлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын жетілдіру мәселелерін қамтиды. Осы бағытта Департаменттің арнайы жұмыс тобы, қоғам өкілдерімен бірлесе еңбек, білім және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне жұмыс мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту нысанында талдау жүргізді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 172 бастамашылық ұсыныс әзірледі.  Талдау жұмыстары барысында енгізілген ұсыныстар бойынша жүзеге асырылған бастамалар да бар. Мысалы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерде электрондық хат алмасу жүйелері болмаған еді. Бұл жұмыс барысындағы шешім қабылдауда, құжат алмасуда, оларды сақтауда үлкен қиыншылықтар тудыратын.  Дегенмен талдаудан кейін қазіргі уақытта аталған басқармалалар тиісті ақпараттық бағдарламамен қамтамасыз етілді.  Сырт көзге қарапайым мәселе болғанымен бұл мемлекеттік аппараттың қызметін цифрландырудағы өте елеулі қадам. Ойымды қорытындыласам, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмысы мемлекеттік басқаруда түбегейлі оң өзгерістерге алып келетініне күмәнім жоқ, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Жарлық – өткен жылы қабылданған нормативтік құжаттардың ішінде ең маңыздысы деген ойдамын.

Қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар жайлы атап өткен едіңіз, шағымданушылар қандай сұрақтар мен мәселелерді жиі көтереді?

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер желісі бойынша шағымдардың басым көпшілігі, шамамен 70% астамы, жер қатынастары, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында.  Егер шағымды қарау нәтижесінде өтініш берушінің дәлелдері расталса, біз өз тарапымыздан қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру шаралаларын қабылдаймыз. Енді оқырмандарға құрғақ есептілікке жүгінсем, қызық болмайтын шығар және де мұндай ақпарат Департаменттің сайтында да бар, сол үшін тек кейбір мысалдарға тоқтала кетсем. Мысалы, Зеренді ауданының тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын растайтын сот актісіне қарамастан Е.И. Айнабековке мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Басқарманың шағымды қарау қорытындысы бойынша Зеренді ауданының әкімдігіне бас тартудың негізсіздігі туралы қаулы шығарылды. Департамент енгізген шешімді орындау мақсатында комиссия арызданушыға тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат беру арқылы оның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Немесе басқа мысал, Н.В. Евтушенко 2018 жылдан бастап Есіл аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісін дұрыс тіркемеуіне байланысты зейнетақы жарналарын ала алмаған. Шағымды қарап, департамент Ақмола облысының полиция департаментіне тиісті қаулы жолдады, оның негізінде арызданушының елден кетуі ақпараттық жүйелерде тиісті түрде тіркелді. Нәтижесінде Евтушенко Н.В. 2 миллион теңгеден астам жинақталған зейнетақы жарнасын алды.  Кәсіпкер Б.Р. Әубәкіровке Көкшетау қаласының әкімдігі газ толтыратын моноблокқа қызмет көрсетуге арналған жер телімін сатудан бас тартты. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Департамент бас тартудың негізсіздігі туралы шешім қабылдады, оған мемлекеттік орган дау қойды.  Алайда, сот ісін жүргізу нәтижесінде әкімдік департаменттің бұйрығымен келісе отырып, жер телімін беру туралы шешім қабылдады. Бұл кейбір ғана мысалдар, жалпы өткен жылы Департамент 39 адамның құқығын қалпына келтіріп, қызмет алуға жағдай жасаған.

         – Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қандай өзгерістер күтілуде?

–  Жоғарыда атқанымдай қазіргі уақытта мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлық, Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасы қабылданғаннан кейін қазіргі барлық мемлекеттік аппараттың жұмыс тәсілі өзгеруде.         Әрине, кейбір мәселелер шешілу үшін заңнамалық актілер қабылдануы қажет. Өткен жылдың соңында орталық мемлекеттік органдар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер жөніндегі жоба әзірлеген болатын. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыратын нормалар көзделген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша барлық мүдделі азаматтар сол Заң жобасының қабылдануын күтуде деген ойдамын.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img