Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салалар аталды. Ауыл шаруашылығы, жер, экология, жолдар мен инфрақұрылым салалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енді, деп атап өтті өңірлік Антикор басшысы. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өткен жылы осы бағыттар бойынша 14 мониторинг жүргізді.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы атап өткендей, тәуекелдер картасын іске асыру аясында белгілі бір нәтижелер айқындалды. Бұл аграрларды жеңілдікті бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету, фермерлерді субсидиялау, жайылымдық жерлерді және пайшылардың шартты жер үлестерін пайдалану, автожолдарды қайта жаңарту мәселелері. Қазіргі уақытта жер қатынастарының, сумен жабдықтау, кәріз және экология жүйесінің проблемалық мәселелері ерекше бақылауда.
«Мысалы, Көкшетау қаласының су тазарту құрылыстарын реконструкциялау мәселесі өткір тұр, олар бүгінгі күні халық тұтынатын судың қажетті көлемі мен сапасын толық көлемде қамтамасыз етпейді. Қазір біз қалыптасқан жағдайға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Картаға енгізілген әлеуметтік мәселелер мониторинг және сыртқы талдау объективі арқылы қарастырылады – бұл біздің негізгі алдын алу құралдарымыз. Ал нәтиже сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс істейді. 4 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға ұшырады. Жалпы мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын жою, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендету, заңнаманы жетілдіру бойынша 65 ұсыным енгізілді. Оның ішінде 59 ұсыныс немесе 91% іске асырылды», – деді облыстық Антикор басшысы Арман Рахимов.
Спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтірген және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау қаупін тудырған әр салаға егжей-тегжейлі тоқталды. Осылайша, көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады, олардың ішінде жалған техникалық байқау жүргізу, процестерді әлсіз цифрландыру және автоматтандыру, жүк көліктерінің жүруіне арнайы рұқсат беру кезінде белгілі бір кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық беру фактілері кездеседі. Активтерді төмен құны бойынша сатқан, әлеуметтік маңызы бар және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде шаралар қолданбаған «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында да көптеген проблемалар туындады. Сонымен қатар, «KOKSHE» ӘКК Бурабай ауданының Катаркөл ауылдық округінде пайдаланылмайтын жайылымдар анықталды. Нәтижесінде кәсіпорын өз еркімен мемлекетке ауданы 490 га болатын 11 жайылымдық жер учаскесін қайтарып берді. Бұдан басқа Корпорация Щучинск қаласында ауданы 3,5 га тау шаңғысы кешенінің құрылысына 1 жер учаскесін қайтарып берді. Мемлекетке қайтарылған 12 жер учаскесінің жалпы құны 79 миллион теңгені құрайды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының филиалында да көптеген проблемалық мәселелер бары айқындалды.
«Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілерге, тиісті цифрландырудың болмауына, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысына және басқа да мәселелер анықталды. Мысалы, вагондарды беру бойынша негізгі бизнес-процестер қол режимінде реттеледі, вагондарды бөлу жөніндегі түпкілікті шешім іс жүзінде ҚТЖ басшылығының еркіне байланысты болады, осылайша процестерді автоматтандырудың жетілмегендігі және нақты алгоритмнің болмауы жосықсыз адамдардың жеке мүдделері үшін вагондарды манипуляциялауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бір кәсіпкерге вагондарды уақтылы бермеу және басқаларына жеделдетіп беру, сондай – ақ маневрлік қызметтер көрсету кезінде белгілі бір алушыларға артықшылық беру фактілері орын алған», – деді Арман Рахимов.
Мемлекеттік сатып алулар бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың қайнар көзіне айлды. Мысалы, өткен жылы біздің ұсыныстарымыз бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз сатып алуларын қайта қарап, бюджетті 1,1 млрд теңгеге үнемдеді. Степногорск қаласының білім бөлімі электр плитасын сатып алуға жалпы 8,4 млн теңге , бірлігіне 1,2 млн теңге бөлген. Бұл ретте плитаның нарықтық құны 540 000 теңгені құрайды. Ұсынылған ұсыныстан кейін үнемдеу 4 620 000 теңгені құрады.
Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Антикор Көкшетау қаласында уақытша тұру үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж адамдарға берілген тұрғын үйлерді мақсатты пайдалану мәселелері бойынша мониторинг жүргізді. Тексеру көрсеткендей, 25 адам тұрғын үйді негізсіз алады, ал іс жүзінде оған мұқтаж емес, яғни кейбір азаматтар тұрғын үйді жалға берген, ал басқаларында жеке тұрғын үй болған.