spot_img
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
13.2 C
Kokshetau

Жастарға аз пайызбен несие беру қашан басталады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға 2,5%-бен кредит беру мәселесін көтергені белгілі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлі мұның шартын дайындамаған. Тілшілер министрліктен Жаңа жылдан кейін берілуі тиіс несие шартының неге кешіктіріліп жатқанын сұрады.

Біз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережелерді толық дайындадық. Бұйрықтар шықты. Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Қазір жастарға арналған 2,5 пайыздық несиеге біз жауап береміз, – деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Айтуынша, министрлік бұл мәселеге қатысты толық шешім қабылдаған.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айдың ішінде жергілікті атқарушы органдары және қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Осы келесі айдан бастап бастаймыз. Оған қатысты ешқандай мәселе жоқ, – деді ведомство өкілі.

 

@baq_kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында электрмен жабдықтау тұрақтандырылды

Зеренді ауданында Серафимовка, Қойсалған және Желтау ауылдарының тұрғындары соңғы үш ай бойы жиі кездескен жарықтың өшіп қалу мәселесі шешілді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика